Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Дәріхана провизоры

  15.04.2024

Еңбекақы: 397 500 бастап 400 000 тенгеге дейiн

Толық жұмыс күнi, тұрақты жұмыс.

1. Лауазымдық міндеттері:

  • Өзіне сеніп тапсырылған материалдық-техникалық, дәрілік ресурстарға, сондай-ақ олардың сақталуы мен мақсатты пайдаланылуына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына және өз тарапынан және оған бағынысты адамдардың сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу жөнінде шаралар қабылдауға дербес жауапты болады.
  • Фармацевтикалық өніммен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында дәрілік заттардың қажетті қорлары мен ассортиментін ұстап тұру үшін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қажеттілікті айқындайды.
  • Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қабылдауды жүзеге асырады.
  • Қабылдау, сақтау және өткізу сатыларындағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сапасына бақылау жүргізеді.
  • Дәрілік препараттардың заттық-сандық есебін жүргізеді. Жарамсыз болып қалған, жарамдылық мерзімі өткен дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, жалған, контрафактілік және сапасыз өнімдерді айналыстан алып қоюды жүргізеді.
  • Құрылымдық бөлімшелерінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау шарттарын ұйымдастырады және жүзеге асырады.
  • Келіп түсетін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сұрыптайды және олардың физикалық-химиялық қасиеттерін ескере отырып, сақтау орындарын айқындайды.
  • Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың ерекше топтарын сақтау жағдайлары мен режимін жасайды.

2. Білуі тиіс:

  • Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Медициналық қызметтерді көрсету, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысының сапасы салаларындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 15 қарашадағы № ҚР ДСМ-32 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 15 қарашадағы № 70 бірлескен бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17744 болып тіркелген), "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген);
  • фармакологиялық топтар бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың түр-түрі, олардың сипаттамалары, медициналық көрсетілімдері мен қолдану тәсілдері, қарсы көрсетілімдері, жанама әсерлері, дәрілік заттардың синонимдері мен баламалары, көтерме-бөлшек фармацевтикалық ұйымдарда іс жүргізу тәртібі, фармацевтикалық ұйымдарда дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың мерчандайзингі;
  • жабдықтың ішкі еңбек тәртібі және техникалық пайдалану тәртібі;
  • дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сапасына, таңбалауға, буып-түюге қойылатын талаптар;
  • жалған және контрафактілік дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды анықтау тәсілдері;
  • дәрілік заттардың жанама әсерлері туралы ақпарат жинау тәртібі, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау тәртібі мен шарттары, жарамдылық мерзімі өткен дәрілік заттарды сақтау тәртібі мен жою тәртібі, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың жарамдылық мерзімдерін есепке алуды жүргізу және оларға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау;
  • дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету тәртібі;
  • шетелдік және отандық медицинаның заманауи ғылыми жетістіктері;
  • еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі жөніндегі тәртіп және нормалар;
  • кәсіби қызмет саласында IT-технологиялар (АйТи-технологиялар) негізінде ақпаратты пайдалану.

3. Біліктілікке қойылатын талаптар:

  • "Фармация" мамандығы бойынша "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білімі, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

4. Жеке қасиеті: жауапкершілік, күйзеліске тұрақтылық, командада жұмыс істей білу, аналитикалық ойлау, құрылымдық мәселелерді шешу.

Мекенжай: Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 80

Байланыстағы адам: Шомакова Жанат Темиркуловна

Телефон: +7 (717) 270 78 80 (ішкі: 72-53)

Электронды адрес: Shomakova@bmc.mcudp.kz

Аурухана серіктестері