Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Резидентура

Резидентура - клиникалық мамандықтар бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім деңгейі. Резидентурада оқыған кезде дәрігер-резидент бірқатар артықшылықтарға ие болады, таңдаған бейіні бойынша терең білім алады және дәрігерлік қызмет тәжірибесіне ие болады, бұл кәсіби өсу мен даму үшін неғұрлым кең мүмкіндіктер ашады.

«Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының Ауруханасы» ШЖҚ РМК резидентурадағы жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру қызметіне лицензиясы бар және келесі бағыттар бойынша мамандар даярлауды жүзеге асырады:

  • 7R01101 «Радиология» - 2 жыл оқу
  • 7R01102 «Медициналық генетика» - 2 жыл оқу
  • 7R01103 «Ересектердің, балалардың урология және андрологиясы» - 3 жыл оқу
  • 7R01104 «Ересектердің, балалардың кардиологиясы» - 3 жыл оқу
  • 7R01105 «Ересектердің онкологиясы» - 2 жыл оқу
  • 7R01106 «Ересектердің, балалардың оториноларингологиясы» - 3 жыл оқу
  • 7R01109 «Ересектердің, балалардың кардиохирургиясы» . - 4 жыл оқу

Резидентурада оқуды аяқтаған және қорытынды аттестаттаудан сәтті өткен адамдарға резидентураның тиісті мамандығы бойынша «дәрігер» біліктілігі беріледі.

Байланыс деректері:

Астана қаласы, Есіл ауданы, Е 495 көшесі, L блок, 6 қабат, 6.64 кабинет

Кәсіптік білім беру бөлімі

Телефон: +7 (7172) 70-79-52

Email: udp.rez@gmail.com

09.00-18.00 (түскі үзіліс 13.00-14.00) күн сайын дүйсенбіден жұмаға дейін


Аурухана серіктестері