Хабарландыру
Құрметті, «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Медициналық
орталығының Ауруханасы» ШЖҚ РМК
резидентурасына түсу үміткерлері!
Аурухана резидентураға түсушілердің құжаттарын ақылы негізде келесі білім беру бағдарламалары бойынша қабылдайды:
- 7R01101 «Радиология»
- 7R01102 «Медициналық генетика»
- 7R01103 «Ересектердің, балалардың урология және андрологиясы»
- 7R01104 «Ересектердің, балалардың кардиологиясы»
- 7R01105 «Ересектердің онкологиясы»
- 7R01106 «Ересектердің, балалардың оториноларингологиясы»
Резидентураға жоғары білім мен интернатураның білім беру бағдарламаларын меңгерген тұлғалар қабылданады.
Қажетті құжаттар тізімі
Оқуға түскісі келетіндер күнтізбелік жылдың 03 - 25 шілдесі аралығында Аурухананың қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды тапсыруы керек:
1. Резидентураның бір білім беру бағдарламасы көрсетілген Аурухана директорының атына өтініш (Өтінішті жүктеу);
2. Жоғары білім туралы құжат (түпнұсқасы және қосымшаның көшірмесі);
3. Интернатураны бітіргені туралы куәлік (түпнұсқасы және көшірмесі);
4. Жеке басты куәландыратын құжат (түпнұсқасы және көшірмесі);
5. Өлшемі 3x4 сантиметр алты фотосурет (қиылған және кішкентай конвертке салынған);
6. Флюорографиядан өткені туралы карточкасы бар 075-У нысанындағы медициналық анықтама;
7. Кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақша (толтыру және фотосуретті желімдеу);
8. Еңбек өтілі бар адамдар үшін еңбек кітапшасы (түпнұсқасы және көшірмесі);
9. Ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың, дипломдардың, ғылыми конференциялар материалдарының тізімі (болған жағдайда);
10. Соңғы жұмыс/оқу орнынан басшының/кафедра меңгерушісінің/деканның ұсыныс хаты, қол қойылған және мөрмен расталған;
11. Денсаулық сақтау саласындағы маманның (дәрігердің) сертификаты (көшірмесі);
12. Қағаз құжат тігілетін папка (картон), файл (2 дана).
* 3) және 8) тармақшаларда санамаланған құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады, салыстырып тексерілгеннен кейін құжаттың түпнұсқасы түсушіге қайтарылады.
Құжаттар тізбесі толық ұсынылмаған жағдайда қабылдау комиссиясы оқуға түсушілерден құжаттарды қабылдамайды.
Резидентураға түсу емтихандары күнтізбелік жылдың 08-16 тамыз аралығында билеттер бойынша ауызша түрде өтеді.
Резидентураға түсу үшін қабылдау емтиханы бағалаудың баллдық-рейтингтік әріптік жүйесі (БРӘЖ) шкаласының пайыздық мазмұнына сәйкес бағаланатын келесі бөлімдерді қамтиды:
1. Интернатурада оқу нәтижелері бойынша GPA
2. Интернатураның қорытынды мемлекеттік аттестациясын бағалау
3. Резидентураға түсу емтиханын бағалау (билеттің 1 сұрағы)
4. Резидентураға түсу емтиханын бағалау (билеттің 2 сұрағы)
5. Резидентураға түсу емтиханын бағалау (билеттің 3 сұрағы)
Резидентураға түсу үшін түсу емтиханының нәтижесі бес бөлім бойынша жалпы орташа балл болып табылады.
Резидентураға түсетін тұлғалардан апелляцияға берілетін өтініш оқуға түсушілердің жеке өзі апелляциялық комиссия төрағасының атына беріледі. Өтініштер түсу емтиханының нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін қабылданады және апелляциялық комиссия өтініш берілген күннен бастап бір күн ішінде қарайды.
Тұлғаларды резидентураға қабылдау білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша түсу емтиханының қорытындысымен және күнтізбелік жылдың 28 тамызға дейін ықтимал 100 балдан кемінде 75 балл жинаған жағдайда жүзеге асырылады.
Құжаттар сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін (түскі үзіліс 13.00-14.00) күн сайын дүйсенбіден сенбіге дейін Астана қаласы, Есіл ауданы, Е 495 көшесі, L блок, 6 қабат, 6.64 кабинетте қабылданады, телефон: 8 (7172) 70-79-52.