+7(7172) 70-80-90

Вакцинация туралы

Аргентина «Спутник V» вакцинасын ең тиімді деп тапты
Бұл туралы Аргентинаның Денсаулық сақтау министрлігінің жұқпалы ауруларды бақылау департаментінің басшысы Хуан Мануэль Кастелли баспасөз-конференцияда мәлімдеді.
Мәлімдемеге сәйкес, «Спутник V» алғашқы дозасынан кейін COVID-19 жұқтырған адамдардың саны елде тіркелген басқа екі вакцинаның тиісті көрсеткіштерінен екі есе төмен болған. Бұл «Спутник V» вакцинасының жоғары тиімділігі мен қауіпсіздігінің көрсеткіші.
«Спутник V» бірінші компонентін екеннен кейін екпе жасағандардың 0,25% - ында ауру анықталған. Қытайлық Sinopharm вакцинасын қолданған кезде бұл көрсеткіш 0.49% құрады. Ал Үндістанда өндірілген Covishield [Astrazeneca] препаратын қолданғанда 0.46% құрады», - деді Кастелли.