«Сіз нәрестелі боласыз!» денсаулық мектебі

Өзектілігі. «Ламаз» әдісі – әлемдегі ең кең тараған, бұл балалы болғысы келетін әйелдерді босануға дайындау мектебі. Әдісті 1951 жылы доктор Фердинанд Ламаз әзірлеген, оның негізінде ерлі-зайыптылар жұптарын жүктілікті жүргізу, болашақ баланы күту бойынша оқыту жатыр.
«Ламаза әдісі» сабағының мақсаты: ананың босану қабілетіне деген сенімділігін арттыру, ауыру және ауырсыну сезімдерін жоюға көмек көрсету, босану процесін жеңілдету және психологиялық қолайлы көңіл-күй орнату.
Сабаққа ерлі-зайыптылардың екеуі де қатысады, мультидисциплинарлық команда (гинеколог, терапевт, неонатолог, психолог) өткізеді.