«Белсенді ұзақ өмір сүру» денсаулық мектебі

Өзектілігі. Республика халқының саны 17 417,7 мың адамды құрайды (01.01.2015 жылға), жыл сайынғы өсу қарқыны – 1,24%; орташа өмір сүру ұзақтығы 71,6 жылды құрайды. Денсаулық сақтауды дамытудың оң динамикасына қарамастан, қазақстандықтардың күтілетін өмір сүру ұзақтығы ЭЫДҰ-ға мүше елдерге қарағанда 10 жылға төмен.
Өлім-жітім (86%) және аурудың ауыртпалықтарының үлес салмағы (77%) әлеуметтік-маңызды аурулар тобына байланысты: жүрек-қантамыр, қатерлі ісіктер, өкпенің созылмалы аурулары, қант диабеті. Созылмалы аурулардың 87,5% себептерінің арасында қауіп факторлары (жоғары артериялық қысым, холестерин деңгейі, темекі шегу және алкогольді тұтыну, дұрыс тамақтанбау) болып табылады. Пациенттер аурудың алдын алуда немесе оларды тұрақтандыруда өз сауаттылығын арттыра отырып, өмір сүру ұзақтығы мен белсенді ұзақ өмір сүруге ықпал етеді.
Сабақтың мақсаты – емделушілердің аурулардың даму қаупінің мінез-құлықтық факторларын жеңу бойынша мақсатты әрекеттерге қабілетін қалыптастыру және алдын алу бойынша араласу жүргізу, халықты саламатты өмір салты дағдыларына үйрету, пациенттердің өз денсаулығы үшін жауапкершілігін қалыптастыру, дәрігердің ұсынымдарын орындауға бейімділігі.