Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90

Серіктес клиникалармен өзара іс-қимыл орталығы

Орталық туралы

Аурухананың құрылымдық бөлімшесі ретінде Серіктес клиникалармен өзара іс-қимыл орталығы 2022 жылғы 01 маусымнан бастап жұмыс істейді

Орталықтың басты мақсаты

Серіктестік, жетекші шетелдік клиникалармен өзара іс-қимыл арқылы Аурухананы үздік әлемдік практикалар клиникасы ретінде позициялау

Орталықтың міндеттері

  • Келісімге қатысушы тараптардың келісуі мен уағдаластығы бойынша шетелдердің серіктес клиникаларымен Келісімдер шеңберінде басым жобаларды ұйымдастыру, іске асыру және әдістемелік тұрғыдан көмек көрсету, түпкілікті нәтижелерге қол жеткізе отырып, Келісімге қатысушылардың мүдделерін іске асыру
  • Жетекші шетелдік клиникалармен халықаралық серіктестікті және өзара іс-қимылды кеңейтуді, Аурухана жағдайында Қазақстан халқы мен шетелдіктерге медициналық көмек көрсетудің жаңа тәсілдері мен әдістерін апробациялау, енгізу және қолдану үшін жетекші мамандар мен сарапшыларды, оның ішінде шетелдік сарапшыларды тартуды көздейтін «Клиникадағы клиника» жобасын іске асыру

Орталық шетелдік және ұлттық клиникалармен, денсаулық сақтау ұйымдарымен, кәсіби қауымдастықтармен, өндіруші компаниялармен және дистрибьюторлармен мынадай бағыттар бойынша ынтымақтастыққа дайын:

  • Медициналық көмектің түрлі хирургиялық, терапиялық, диагностикалық, оның ішінде бірлескен жобаны әзірлеу және ұйымдастыру, тәжірибе алмасу, білім және практикалық дағдыларды беру бағыттары бойынша «кейстерді толық дайындауды» серіктес клиникамен қалыптастыру және бірлесіп іске асыру:
  • Бірлескен білім беру шеберлік сыныптарын, тағылымдамаларды ұйымдастыру және өткізу
  • МОА мамандарымен бірлесіп, МОА базасында және серіктес клиника базасында, оның ішінде телемедицина арқылы әртүрлі патологиясы бар пациенттерге консультация жасау және емдеу үшін серіктес клиникалар мамандарының келуін ұйымдастыру.
  • МОА-да және серіктес клиникаларда қолданылатын жаңа медициналық технологияларды тарату және енгізу (технологиялар, емдеу стандарттары, медициналық жабдық, дәрі-дәрмектер және т.б. туралы ақпарат беру).
  • Тараптар арасында медициналық академиялық алмасуды қамтамасыз ету (бірлескен ғылыми форумдар, дөңгелек үстелдер, конференциялар, медициналық журналдарда бірлескен жарияланымдар ұйымдастыру, өткізу).
  • Медициналық қызметтерді бірлесіп ілгерілету және имидж бен тартымдылықты арттыру мақсатында «Серіктес клиника» логотиптерін өзара пайдалану.

Күтілетін нәтижелер:

  • медициналық қызметтердің ең үздік әлемдік тәжірибесін қолдану;
  • жақын және алыс шетелдерден үздік (ТОП) мамандарды тарту;
  • сапа деңгейін арттыру және жоғары сапа деңгейіне сәйкес келу;
  • Аурухана үшін инвестициялар мен гранттар тарту;
  • кәсіптік дамуды іске асыру, кадрларды қайта даярлау сапасын және олардың еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

Орталық мамандары:

Казбеков Кайрат Туреханович.jpg

Қайрат Төреханұлы Қазбеков

Орталық басшысы

«Денсаулық сақтаудағы менеджмент» мамандығы бойынша жоғары біліктілік санатты дәрігер

«Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бакалавр

Умралина Ақерке Сұлтанбекқызы

Жетекші маман

«Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша МВА

«Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша бакалавр

Ізбасқанқызы Светлана

Жетекші маман

«Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша Гуманитарлық ғылымдар магистрі

«Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы бойынша бакалавр

Орталықпен байланыс:

С2 блогы, 4-қабат, 5-каб.

Телефон: +7-7172-70-80-14

Email: ccpk@bmc.mcudp.kz


Аурухана серіктестері