Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Президенттік клиниканың келушілері мен пациенттерінің назарына!

  01.06.2020

Біз Президенттік клиниканың ақылы бөлімшесі жұмысының іске қосылғандығы, сондай-ақ Қазақстанның өңірлерінен келетін пациенттерді жоспарлы госпитализациялау басталғаны жайлы қуана хабарлаймыз.

Әлемдегі эпидемиологиялық жағдайға, дәлірек айтқанда, коронавирус инфекциясының таралуына байланысты, Президенттік клиниканың келушілері, пациенттері және қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жеке кіру-шығу есіктері қарастырылғандығын естеріңізге саламыз. Сонымен қатар, карантин уақытында пациенттерді жоспарлы госпитализациялау кезінде ілесіп жүретін адамдардың кіруіне рұқсат етілмейді.

Пациенттер мен келушілерге жеке кіру есігі бөлінген. Жолдағы белгіленген сары жолақ бойынша жүруіңізді сұраймыз.

Сондай-ақ, кіруге арналған есіктерде температураны өлшеуге және қолды өңдеуге арналған құрылғылар орнатылғандығын ескертеміз. Ауруханаға тек маскамен кіруге рұқсат етіледі.

Барлық сұрақтар бойынша 8 (7172) 70-80-90 телефоны арқылы Call орталыққа хабарласыңыз.


Аурухана серіктестері