Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

2019 жылғы 25-29 қараша аралығында ҚР ПІБ МО мамандары үшін "травматологиялық операциялар мен жарақаттанулардан кейінгі Медициналық реабилитология" тақырыбында мастер-класс өтеді»

  21.11.2019
2019 жылғы 25-29 қарашада ҚР ПІБ МОА мамандарына арналған, жетекші шетелдік мамандар: Енсе университетінің Северанс госпиталінің (Оңтүстік корея) Phd докторы, физиотерапевті - Ким Джун Хви, Phd, физиотерапевт дәрігері, жартасқа өрмелеушілік бойынша Корея құрамасының дербес физиотерапевті, Good Morning госпиталі, Ульсан қ. (Оңтүстік Корея)-Парк Бюнг-Джун қатысуымен «Травматологиялық операциялар мен жарақаттардан кейінгі медициналық оңалту» тақырыбында шеберлік-класс өтеді.
Ким Джун Хви:
Халықаралық қауымдастықтарға мүшелігі: Корей нейротерапия қоғамының жауапты редакторы, Bobath Корей қауымдастығының төрағасы, Тегу университетінің сараптамалық кеңесінің мүшесі, Корей робототехника және конвергенция институтының кеңесшісі, ҚР Ақтөбе облысы Денсаулық сақтау басқармасының оңалту жөніндегі кеңесшісі.
Парк Бюнг-Джун:
Оңтүстік Кореяда физиотерапевт лицензиясына және I- IV деңгейдегі терапия бойынша медициналық тренинг (ТМТ) қатысушысының сертификатына ие.
Докторлардың маманданған салалары:
Иық: иықтың айналмалы (ротаторлық) манжетінің жыртылуы, «қатырылған иық» синдромы, иық-жауырын периартериті, АБЖ (акромион-бұғаналық жік), иық буынының ернеуінің зақымдануы, миофасциттік ауырсыну синдромы;
Тізе: алдыңғы айқыш байламдардың үзілуі, артқы айқыш байламдардың үзілуі, ортаңғы / жанғы коллаттералдық байламдарының үзілуі, менискілердің жарылуы;
Тобық: байламдардың үзілуі, ахилов сіңірлерінің үзілуі, табан фасциті;
Мойын, арқа: диск, бел-сегізкөз бөлігінде ауырсыну;
Операциядан кейінгі кезең: сыну кезіндегі операциялар (аурудың бетін қайыру)

Шеберлік-класс бағдарламасы (Презентациялар/Дәрістер/Практикалық дағдылар):
- аяқ және қолдардың операцияларын, оның ішінде эндопротездеу және артопластикалық операцияларын жасатқан пациенттерді оңалту жүргізудің заманауи тәсілдері мен технологиялары;
- тиімділік және пациентке көрсетілетін оңалту өлшемдері;
- тізе және жамбас буынына операция жасалған пациентті бастапқы оңалту кезіндегі оңалтудың әдістері мен тәсілдері;
- Артропластикалық операциялардан кейінгі тізені тұрақтандыру;
- сіңірдің үзілуі (ахилов және т.б.), тобық буынының байламдарының созылуынан кейінгі пациентті оңалту. Байлам-сіңірлік аппаратты нығайту әдістері;
- Буындары сірескен пациенттерді емдеудегі оңалту әдістері;
- PNF әдістері (проприоцепциялық нейробұлшықеттік фасилитация).

+7 777 161 7465 телефоны бойынша тегін консультация алуға жазылу жүргізіліп жатыр

Аурухана серіктестері