Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Жүрек ырғағы күрделі бұзылыстарының радиожиілікті абляциясы бойынша шеберлік сыныбы

  10.08.2022

ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасында академик Е.Н. Мешалкин атындағы ҰҒЗО (Новосибирск, РФ) Жүрек ырғағы күрделі бұзылыстары және электростимуляция бөлімшесінің меңгерушісі, аритмолог дәрігер Виталий Шабанов жүрек ырғағы күрделі бұзылыстарының радиожиілікті аблациясы бойынша шеберлік сыныбын өткізді.

Радиожиілікті абляция – жүрек бұзылыстарының кейбір түрлерін емдеудің заманауи әдістерінің бірі. Емдеудің бұл түрі аз инвазивті операцияға жатады, себебі абляция жасау адам денесін кесуді қажет етпейді. Бірақ кейде жүрекке ашық операция жасау кезінде бұл әдіс қолданылады.

ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының аритмологтарымен бірлесіп, кардиохирургиялық операциялардан кейін, бұрын жасалған радиожиілікті абляциядан кейін және аритмия қайталануы пайда болуынан кейін, сондай-ақ дәрі-дәрмекке көнбейтін тахикардиясы бар пациенттерде радиожиілік аблациясы жасалды.

ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасында «Carto 3» навигациялық аппаратурасында бес пациентке операция жасалды. Радиожиілікті абляциялар барысында жүрек ырғағы бұзылуының түрлері анықталды: жүрекше фибрилляциясы, жүрекше тахикардиясы, жүрекше дірілі. Кейіннен пациенттер бейінді бөлімшеге ауыстырылды, одан әрі тексеру кезінде тахикардия белгілері болған жоқ. Ауруханадан шығарылған кезде пациенттердің жағдайы қанағаттанарлық болды. 3 айдан кейін жасалған операцияны бақылау мақсатында тәуліктік Холтер мониторингін жүргізу ұсынылды.

0dd7910b-2e5f-49c6-b39b-f9589f42db37.jpg  a79524c2-f75b-49b1-b552-5c06c2e5f2e0.jpg


Аурухана серіктестері