Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

8 тамыз – Халықаралық офтальмология күні

  08.08.2022
Көз – адам организміндегі маңызды ағза. Біз айналамыздан негізгі ақпаратты көру арқылы аламыз. Көз – ең маңызды сезім мүшесі.

ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының офтальмологиялық қызметінде бірінші және жоғары санатты 12 офтальмолог дәрігер жұмыс істейді. Офтальмологиялық кабинет көздің алдыңғы және артқы сегменттерінің ықтимал патологиясын диагностикалау мен анализіне арналған ең заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген.

ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының офтальмолог дәрігер Ырзық Жарылғасынованың айтуынша көз арқылы ағзаның көптеген жасырын проблемаларын білуге болады. Қантты диабеттің ерте симптомдарын, онкологияның ерте проблемаларын, бассүйекішілік гипертензияның ерте проблемаларын анықтауға болады, өйткені көз – мидың топографиясы сияқты.

Офтальмологтың қабылдауына call орталыққа қоңырау шалу арқылы жазыла аласыз: 8 (7172) 70-80-90

Офтальмологтарды кәсіби күнімен құттықтаймыз!


Аурухана серіктестері