Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Халықаралық Scopus журналы дәрігерлеріміздің ғылыми мақаласын жариялады

  22.10.2021

d252f1426295c90c0e2e0a20090ecefc7047c94a.jpg



Жаңа мақала ҚР ҰҒА академигі, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Президенттік клиниканың директоры В.В. Бенбериннің жетекшілігімен Геронтология орталығы қызметкерлерінің бірлесе атқарған еңбегінің жемісі.

«Systematisation of biological protectors for managing the metabolic syndrome development» атты мақалада «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті» ММ тапсырысы бойынша 2018-2020 ж.ж. қаржыландырылған BR05236375 «Қазақ популяциясындағы метаболизмдік синдромға байланысты аурулардың генетикалық тәуекелінің ерекшеліктерін зерттеу» ғылыми-техникалық бағдарламасы шеңберінде жүргізілген зерттеулер өз жалғасын тапты.

Алынған мәліметтерге сүйене отырып, авторлар метаболизмдік синдром мен коморбидті жағдайларды біріктіретін биологиялық процестердің негізгі нүктелеріне сәйкес, метаболизмдік синдром кезінде биопротекторлар жүйесі арқылы гомеостазды сақтаудың өзіндік тұжырымдамасын ұсынды.

Scopus журналы Халықаралық ғылыми қоғамдастық мойындаған, әлемдегі ғылыми мақалалардың ең ірі базасы болып табылады.

Олардың сайтында 24 мыңнан астам ғылыми жұмыс жарияланған.

Аурухана серіктестері