Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Доктор Көрпебаеваның күлімдеген күлкісі

  22.06.2021
Бүгін біз Президенттік клиниканың эндокринолог дәрігері Әлия Көрпебаева туралы айтатын боламыз

Әлия бізге өзінің қызығушылықтары, сондай-ақ медицинадан тыс бос уақытында немен айналысатыны туралы қысқаша әңгімелеп өтті.

«Мен егіздердің ішіндегі жарқын өкілінің бірі шығармын: менің қызығушылығым өте жан-жақты.

Мен саяхаттағанды, кітап оқығанды ұнатамын, сән әлеміне қызығамын. Бұрындары кәсіби классикалық бимен айналысқанмын. Өкінішке орай, аяғымның жарақатына байланысты, қазір спортпен шұғылдана алмаймын.

Отбасымды жақсы көремін. Өмірімнің көп бөлігі жұмыста өтетіндіктен, отбасыма, қызыма жеткілікті көңіл бөле алмай жатамын. Сондықтан да, сәл уақытым болса, сол уақытымды қызыммен бірге өткізуге тырысамын.

Сондай-ақ, маған медициналық әдебиеттерді зеттеу, өзім үшін жаңа бір нәрсе үйрену және үнемі жаңалықтарды қалт жіберіп алмай, қадағалап отыру ұнайды».

Бұл тұрғыдан алғанда біз де Әлиямен келісеміз: дәрігердің қызметіндегі негізгі маңызды факторлардың бірі - бұл үнемі іздену, оқу, даму. Сонымен қатар, Әлия айтып өткендей, бұл мамандықтың басқа да аспектілері де бар:

«Мен табысты адамдарды үнемі қарап, бақылап жүремін, әсіресе адамдармен қарым-қатынас жасау барысында олардың тәжірибесін қолдануға тырысамын. Менің мамандығым - адамдармен қарым-қатынас жасау, пациенттерді емделуге ынталандыру және әдеттегі өмір салтын өзгерту.

Мысалы, жасы егде тартқан, қант диабетіне байланысты жағдайы нашар болған бір пациентім есіме түседі. Өкінішке орай, әженің өмірге деген ынтасы болмады. Екеуіміздің әңгімемізден кейін ол кісі емделуге тырысып көретіндігін айтты. Нәтижесінде, ол кісінің уақыт өте келе өмір сүруге деген ықыласы артып, тіпті ем алғаннан кейін өзін жақсы сезіне бастады.

Егер де пациентпен бір толқында болсаң, онда бәрі ойдағыдай болады!

Пациентің сауығып немесе жағдайы жақсарып келе жатса, мен дәрігер ретінде де, адам ретінде де онымен бірге қуанамын. Оның барлық ұсынымдарды дұрыс орындағаны үшін іштей алғысымды айтамын».

Әлия өзінің өмірлік ұстанымы туралы айтып өтті:
«Мен өмірді жақсы көремін және оған толықтай сенемін. Менің өмірім маған ең жақсыны беретініне сенемін! Меніңше, өмір сүру керек, сүріп жатқан өміріңе қуануың керек.

COVID-19 біздің өміріміздегі құндылықтарды тағы бір рет дәлелдеп берді. Сондықтан да мен осы өміріме қуанамын және өмір жолымда кездескен жандардың барлығына алғысымды айтамын».

улыбка врача-6.png


Аурухана серіктестері