Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

2020 жылғы 30 наурыз денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауы бойынша, Қазақстанда коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 284 оқиғасы анықталып, 20 пациент сауығып кеткен

  30.03.2020

2020 жылғы 30 наурыз
Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауы бойынша, Қазақстанда коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 284 оқиғасы анықталып, 20 пациент сауығып кеткен.
Бүгінгі таңда, әрбір пациенттің сауығу тарихы үлкен қызығушылық тудыруда. Ең батыл пациенттер блог жүргізіп, терапия туралы жан-жақты баяндау үстінде. Мысалы, Қытайда вирусты ауыр ілеспе аурулары бар 100 жастағы ер адам мен 103 жасқа толған әйел адам жеңіп шыққан.
Дегенмен, вирусты жеңіп шыққан 101 жастағы италия азаматының тарихы үлкен қызығушылық тудырды. Ол туралы ақпарат әлеуметтік желілерде кең таралып, ал оның бейнесі covid-19 иллюстрацияларында қолданылатын ең танымал белгілердің біріне айналды. Өзінің егде тартқан жасына байланысты тәуекел тобына жатқызылған Италиядағы атай, нағыз ұлттық батырға айналды, себебі ол кісі испан тымауының пандемиясы кезінде дүниеге келіп, Екінші дүниежүзілік соғысты бастан кешкен, ғасырдан астам өмір сүріп, ақыл-есін, тіпті қалжыңқойлығын да сақтай білген жан.
Коронавирусты зерттеу геронтологияны (қартаю туралы ғылым) дамыту үшін елеулі түрткі болуы мүмкін. Бұл мәселелер медицина шекарасынан шығып, биомедицина мен биоинформатиканың бір бөлігі болды. Президенттік клиникада молекулалық геронтология даму үстінде, ағзаның әртүрлі факторларына генетикалық зерттеулер жүргізіледі, мутациялар зерттеледі.
Тұқым қуалайтын аурулар патологиялардың дамуында шамамен 25-30% басым екені дәлелденді.

Толығырақ роликтен қараңыз:



Аурухана серіктестері