ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының ядролық медицина блогының Диагностика орталығы ТМККК шеңберінде ПЭТ/КТ тексеруден өте алмаған барлық онкологиялық пациенттер үшін кезектің сақталатындығына кепілдік береді

ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының ядролық медицина блогының Диагностика орталығы елде төтенше жағдай мен медициналық ұйымдарда карантиннің енгізілуіне байланысты, ТМККК шеңберінде ПЭТ/КТ тексеруден өте алмаған барлық онкологиялық пациенттер үшін кезектің сақталатындығына кепілдік береді.

Аурухана, сондай-ақ басқа да медициналық мекемелер штаттық режимде жұмыс істеуге көшкенде, барлық пациенттер тексеруге шақырылатын болады. Елдегі төтенше жағдайдың аяқталу мерзімі 2020 жылғы 15 сәуір.

Қазіргі уақытта Ауруханада қабылдау және жоспарлы госпитализациялау тоқтатылған, тек жедел медициналық жәрдем толығымен көрсетілуде.

Ядролық медицина - бұл ағзадағы болып жатқан барлық өзгерістерді жасушалық деңгейде көруге мүмкіндік беретін  медицина бөлімі. Біз кардиологияда, неврологияда диагностикамен жұмыс істейміз, бірақ негізгі бағыт — онкология. Біздің дәрі-дәрмектерімізді қолдану арқылы бiр зерттеу кезінде онкологиялық процесстiң бар-жоғын, сатысын, дамуын  анықтауға мүмкіндік береді. Егер емдеу жүріп жатса, біз оның қаншалықты тиімді екенін, пациентке сай келуін анықтаймыз  және қажет болған жағдайда оны түзете аламыз.

Ядролық медицина блогы туралы толығырақ роликтен қараңыздар: