Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

ҚҰЛАҒЫ ЕСТІМЕЙТІН АДАМДАРДЫҢ ЕСТУ ҚАБІЛЕТІН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ТУРАЛЫ

  28.02.2020

Доктор Хассан Диаб – құлақ хирургиясымен айналысатын әлемнің әйгілі мамандарының бірі. Оның айтуынша, отохирургия – маманнан жіті шеберлікті талап ететін, ең күрделі хирургиялық мамандықтың бірі. Мәселенің бәрі тек құлақ құрылымында ғана емес, сондай-ақ оның ми және беттегі жүйке ұштарына жақын орналасуында жатыр.

Біз доктор Диабпен Президенттік клиникаға келген кезекті сапары барысында әңгімелесу мүмкіндігіне ие болдық, ол №1 хирургиялық бөлімшенің (оториноларингология, нейрохирургия) меңгерушісі Талапбек Әженовпен бірге отохирургия бойынша күрделі операциялар сериясын өткізді. Бұл жолы олар есту органына 18 операция жасады.

Операциялар арасындағы үзілістерде біз шеберден ешқашан естімеген адамдардың есту қабілетін қайта қалпына келтіру, жануаралардың адамдар сияқты есту қабілетінің бар-жоғын сұрадық. 

Доктор Хассан Диаб.jpg

ОТОХИРУРГИЯ НЕНІ ЕМДЕЙДІ?

Естімеу – адам үшін үлкен зардап. Есту функциясының арқасында біз естиміз, түсінеміз, сөйлесеміз. Бұл қабілеттен айырылған адамдар тек естуден ғана емес, сондай-ақ, сөйлеуден де қалады, оған қоса оларға әлеуметтену де қиынға соғады. Бірақ қазір, медицинаның мүмкіндіктерінің арқасында, біз бұл функцияны импланттар, аппараттар арқылы қалпына келтіре аламыз.  Бұл әлемде бұрыннан бері басталған үлкен серпіліс. Техникадан бөлек, дәрігердің кәсіби дайындығы да маңызды: пациентке жақсы кәсіби деңгейде көмек көрсету, операцияға пациенттерді дұрыс таңдау, пациентке пайдалы емдеу тактикасын қалай таңдау және асқынуларды азайту керек? Мұның бәрі біздің міндетіміз.

Құлақ хирургиясы – хирургияның ең күрделі салаларының бірі. Әсіресе, құлақ-тамақ-мұрын аймағы. Өкінішке орай, әлемдік тәжірибеде құлақ емдейтін мықты дәрігерлер саусақпен санарлық. Сондықтан да, әдетте мамандар бір-бірін таниды. Шеберлік класс кезінде біз дәрігерлерді оқытып, пациенттерді кез келген операцияға дұрыс таңдау және пациенттердің есту органын сақтау немесе қалпына келтіру бойынша өз тәжірибемізбен бөлісеміз.

Доктор Хассан Диаб 2.jpg

ШЕБЕРЛІК КЛАСС КЕЗІНДЕ КІМДЕРГЕ ОПЕРАЦИЯ ЖАСАЛАДЫ?

Шеберлік кластар әдетте жоғары технологиялық операциялар, күрделі операциялар бойынша өткізіледі, стандартты емес жағдайларда жүргізіледі деп айтар едім. Бізге бірнеше рет нәтижесіз операция жасатқан пациенттер жиі түседі. Олар пациенттеріміздің бірінші санатын құрайды.

Екінші санат – бұл бастапқыда құлақтың күрделі патологиясы бар пациенттер. Мысалы, холестеатомасы (құлақтағы қатерсіз ісіктер), үлкен ақауы бар адамдар келеді, мұндай пациенттерді хирургтар ала бермейді. Осы жолы біз осындай диагнозы бар пациентке операция жасадық. Өкінішке орай, бұл пациентке жасалған алғашқы операция емес. Бұған дейін пациентке Қазақстанда және Оңтүстік Кореяда операция жасалған.  Осы операцияға дейін дәрігерлер халестеатомаға дейін жете алмаған, себебі ол ең түпкірде, тіпті миға жақын орналасқан. Нәтижесінде ол Президенттік клиникада өткізілген шеберлік класқа түсті: біз видеоэндоскопиялық техниканы пайдалана отырып, халестеатомды алып тастадық. Оның көмегімен жаңа өспені жою үшін қиын жерлерді көруге мүмкіндік болды. 

«Есту жолының атрезиясы» күрделі ауруы бар науқас болды. Мұндай науқастарда есту жолы толық немесе ішінара жоқ. Біз күрделі трансплантаттарды қолдана отырып, кең есту жолын қалыптастырып,  атрезияны жойдық. Бұрын ол нашар еститін, енді жақсы еститін болады.

Доктор Хассан Диаб 3.jpg

Пациенттердің үшінші санаты терең сенсоневралды құлақ мүкістігінен немесе қарапайым тілмен айтқанда, кереңдіктен зардап шегетін адамдар. Бізде постлингвалды саңырау, яғни адамның тілі шыққаннан кейін пайда болған саңырау пациент болды. Біз оған есту қабілетін қалпына келтіретін арнайы аппарат қойдық. Бір жақты кереңдігі бар үш науқас болды – төртінші дәрежелі құлақ мүкістігі. Біз оларға сүйек өткізгіштігі аппаратын имплантацияладық, бұл Қазақстан үшін жаңалық болып табылады деп айта аламын.

Бұл техника сөздің анықтығын жақсартуға мүмкіндік береді, өйткені адам бір жағынан ғана естиді, соның салдарынан сөздің анықтығы төмендейді, сонымен қатар дыбыс ошағын да анықтау қиынға түседі – пациентке дыбыстың қайдан шығып жатқанын түсіну қиын. Аппараттың көмегімен, біріншіден, естімейтін құлақтың есту қабілеті қалпына келтіріледі, тілдің анықтығы күшейеді, екіншіден, оның дыбыс көзін анықтау қабілеті пайда болады. Президенттік клиникада есту органына жоғарыда аталған барлық күрделі операцияларды жүргізу үшін жақсы кәсіби деңгей мен техникалық жабдықтаулар бар. 

Доктор Хассан Диаб 4.jpg

ЕШҚАШАН ЕСТІМЕГЕН АДАМДАР ЕСТУІ МҮМКІН БЕ?  

Бізде ешқашан естімеген пациенттер көп, олардың есту қабілеті қалпына келтірді.  Қазақстанда мұндай пациенттер аз емес. Бұл жерде туа біткен кереңдігі бар балалардың есту қабілетін қалпына келтіру бойынша тұтас бағдарлама – кохлеарлы имплантация деп аталатын бағдарлама жұмыс істейді. Ол жақсы жұмыс істеп жатыр деп айтуға болады. Осы мәселелерді шешу үшін бұрындары ата-аналардың да, дәрігерлердің да біліктілігі жеткіліксіз болса, қазір бәрі мүлде басқа деңгейде. Бұл баланың туған кезінен басталатын көп кезеңді, командалық жұмыс екенін түсіну керек. Алдымен скрининг тесттер жүргізіледі, бала құлақ мүкістігінің дәрежесін анықтайтын мамандандырылған сурдологиялық орталықтар арқылы өтеді, әрі қарай операцияға пациенттерді таңдау және оған дайындық жүргізіледі. Біз патологияны ерте анықтасақ, пациенттер мамандандырылған орталықтарға соғұрлым ертерек түседі, соғұрлым олар операцияға ерте түседі және соғұрлым жақсы нәтижеге қол жеткізеді.  Бізде қалыпты есту әлеміне жылдам, тіпті толық интеграцияланған балалардың көптеген мысалдары бар: олар қалыпты мектептерде оқиды, институттарды аяқтайды.

ЕСТУ ҚАБІЛЕТІН ЖАҚСАРТУ АППАРАТТАРЫ ҚОЙЫЛҒАН ПАЦИЕНТТЕР ҚАЛАЙ ЕСТИДІ?

Имплантациядан кейін дыбыс ерекшеленеді, себебі пациент оны электрлік ынталандыру арқылы алады, алайда ми біртіндеп бейімделіп, біртіндеп пациенттер келіп түскен сөздерді қарапайым адам тілі ретінде еститін болады. Бірақ бұл жерде айта кететін нәрсе, бастапқыда дыбыстардың түсуіне байланысты постлингвалды пациенттерде, яғни бұрын естіген пациенттерде болуы мүмкін. Себебі олардың салыстыратын нәрселері бар. Ал егер бала саңырау болып туылса, ол дыбысты мүлдем білмейді, сондықтан ол оған кез келген жағдайда да үйренеді. Ең маңыздысы – ерте имплантациялау, оған пациенттің есту-сөйлеу оңалтуы байланысты болады. Алдағы уақытта да біздің мұндай пациенттерді оқытуымыз, күш салуымыз да нәтижеге әсер етеді. 

Доктор Хассан Диаб 5.jpg

АДАМДАР ЕСТУ ҚАБІЛЕТІН НЕЛІКТЕН ЖОҒАЛТАДЫ?

Ересек жастағы сенсоневралды құлақ мүкістігінің даму себептері туралы еңбектер өте көп. Статистика бойынша, жер беті халқының 30%-ы есту қабілетінің жоғалуынан зардап шегеді. Негізгі себептерге вирустық инфекциялар, жарақаттар, физиологиялық себептер жатады. Бүгін сондай-ақ, тағы бір себеп – құлаққаптар мен олардан шығатын дыбыстардың қаттылығы. Бұл үлкен шу мен вибрация факторы, алайда бұл тек көп себептерінің бірі ғана.

АДАМДАР СИЯҚТЫ ТАҒЫ КІМДЕР ЕСТИДІ?

Есту органы – ең күрделі органдардың бірі: мұнда самай сүйегінің құрылысы, оның бөліктері, тепе-теңдік органы, немесе ішкі құлақта орналасқан вестибулярлық аппарат кіреді.  Ішкі құлақта орналасқан иірімдер, біз төменнен ең жоғарыға дейін барлық жиіліктерді естуге мүмкіндік береді. Ол екі жарым айналымы бар және үш сатыдан, спиральді пластинадан тұрады. Егер иірімді ұлғайтатын болса, біздегі керекті есту сапасын алу үшін көптеген құрылымдарын көруге болады. Дыбысты өткізу және дыбысты қабылдау механизмдерінде адамның есту органын сыртқы әсерлерден қорғау үшін қорғаныс тетіктері бар. Бұл табиғаттың жаратылысы.

Қояндар, тышқандар, шошқалардың құлақтарының құрылымдары адамдардың құлақтарының құрылымына ұқсас.  Оларда да адамдардағы сияқты иірімдер бар. Мысалы, шошқаның иірімдері көп айналымды, ал қояндарда ол мөлшері жағынан кіші, дегенмен адамның құлағындағы иірімдерге өте ұқсас. Адамдар үшін жануарлардың қалай еститіндігін айту қиынға соғады. 

Біздің ағзамыздың кез келген органының бірегей екенін түсінуіміз керек, өкінішке орай, біз оны дәл сол органымыз ауырмай тұрып байқамаймыз.




Аурухана серіктестері