Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

БАҚ біз туралы: ПРЕЗИДЕНТТІК КЛИНИКАДА ТІЗЕ БУЫНЫН ЕМДЕУДІҢ ЖАҢА ТӘСІЛДЕРІ ЕНГІЗІЛУДЕ

  31.01.2020

Президенттік клиниканың интервенциялық хирургтарының қатысуымен өткен шеберлік класс туралы әңгімелейміз, дәрігерлеріміз шеберлік класс барысында еуропалық әріптестерінен заманауи емдеу тәсілдерін үйренді.

НОВЫЕ СПОСОБЫ ЛЕЧЕНИЯ КОЛЕННОГО СУСТАВА ВНЕДРЯЮТ В ПРЕЗИДЕНТСКОЙ КЛИНИКЕ - 1.jpg

Остеоартроз – буындары ауырмайтын адамдар үшін күрделі, түсініксіз медициналық термин. Алайда, жыл өткен сайын, басым бөлігіміз буын мәселелері, «остеоартоз», буынның шеміршек тіндерінің бұзылу мәселелеріне тап болып жатамыз.  Буын  -көптеген адамдарда жасы ұлғайған сайын тоза түсетін, ағзамыздың бір бөлігі. Оны пациенттер бойынша келтірілген статистика растайды: 

«Адамның аталған ауруға шалдығу немесе шалдықпау ықтималдығы әйелдерде 48%-ды, яғни әрбір екіншісінде кездеседі, ерлерде - 40%-ды құрайды» - дейді, дәрігер кардиолог және ангиолог Евгений Хайрутдинов, ол қазіргі уақытта Германияның Марбург қаласындағы университеттік клиникасында жұмыс істейді.

2.jpg

Президенттік клиникада өтіп жатқан шеберлік класс барысында, ол тізе буынына аз инвазиялық операциялар жүргізу бойынша өзінің тәжірибесімен ортопед-травматологтармен емес, интервенциялық хирургтармен бөлісуде. Кейбір пациенттерде остеоартроздың нәтижесінде шеміршек тінінің зақымдалған жерінде жаңа қан тамырлары пайда болып, салдарынан қан ағымы артады.

«Ұсақ тамырларға қоса, жүйке талшықтары қаулап өсе бастайды, оның үстіне қабынудан әр түрлі медиаторлар (делдалдар) бөлінеді, олар дегенерация процесінде, яғни тіннің бұзылуы кезінде рөл атқарады. Біз эмболизация жасаймыз, қанның шамадан тыс ағуына кедергі келтіреміз және жүйке желісін жоямыз. Травматолог-ортопедтерден айырмашылығымыз, біз буынды ауыстырмаймыз, жаңасын салмаймыз, біз тек пациенттің ұзағырақ, жайлы өмір сүруіне жағдай жасаймыз", - деп атап өтті де, дәрігер Евгений Хайрутдинов әріптестерімен бірге кезекті операцияға кірісер алдындағы бір хирургиялық рәсімді орындады: пациенттің тізесіне тиынды бекітті. Операция бөлмесіндегілер дәрігерлердің ырымшылдықтары мен шамандық салттарына қарап әзілдеп жатыр, дегенмен, бұл буынның зақымдалу орнының визуалды белгісі екен. Неге тек тиын қою керек? Кәсіби дәстүр.

3.jpg

«Бұл аурудың төрт кезеңі бар. Біз остеоартроздың әлі де болса емдеуге келетін екінші және үшінші сатыларында операция жасаймыз. Төртінші кезеңде тек буынды ауыстыру бойынша ашық операция көмектеседі, оны біздің травматолог-ортопедтеріміз жасайды»,-дейді Президенттік клиниканың интервенциялық хирургі Александр Землянский. Оның айтуынша,  мұндай операцияға деген қажеттілік арта түспек.  Қазіргі таңда екінші және үшінші кезеңдегі остеоартрозбен ауыратын пациенттерді жанама кері әсерлері бар, ауыруды басатын және басқа да дәрілермен емдейді.

4.jpg

«Операциялардың барлығы 15-тен 45 минутқа дейін созылып, олар пункциялық, яғни шағын тесіктер арқылы орындалады. Біз гидрофильді катетер – өткізгіштерді және тамырды жабатын, тромбациялайтын эмбол-шариктерді пайдалана отырып, жамбас артериясын антиградты бағытта, жоғарыдан төмен қарай тесеміз».

Эмболизация, яғни тамырды жабу бойынша мұндай операциялар иық және шынтақ буындарына да жүргізіледі. Дегенмен, олардың арасында тізе проблемалары жиірек кездеседі, ал операцияға жүгінетіндердің негізгі бөлігін егде жастағы адамдар құрайды. Дәрігерлерден қазіргі пациенттер туралы сұрадық, олардың бірі сексенде, ал екіншісі бір-екі жылдан кейін сексенге толады екен.  Олар үшін мұндай процедура - ең жақсы шешім болмақ,  себебі, препараттар денсаулықтарына кері әсер етіп, ал ауру болса қабынып, төртінші сатыға дейін ушығып кетуі мүмкін. Бұл жағдайда тек операциялық араласулар ғана көмектеседі. Егде жастағы пациенттер үшін де, сондай-ақ, операция жасайтын хиругтер үшін де бұл өте қауіпті.

5.jpg

«Шынымды айтсам, мұндай пациенттер үшін бұл керемет мүмкіндік. Әрине, операциядан кейін де біраз уақыт дәрі қабылдауға тура келеді, бірақ біртіндеп тоқтатады. Біз шеберлік кластарымызбен басқа өңірлерге баруды, пациенттерді емдеуді жоспарлап отырмыз, себебі остеоартрозға шалдыққан, бірақ буын ауыстыру үшін әлі уақыты келмеген пациенттер көп. Біз пациенттердің ауырсынуын басып, олардың өмір сапасын жақсартамыз», - дейді Президенттік клиниканың Рентгенхирургия бөлімшесінің меңгерушісі Сергей Мусаев.

6.jpg

Буындардағы тамырларды жабу бойынша операциялар әлем медицинасындағы айтарлықтай жаңа бағыт. Бүгінгі таңда осы заманауи практиканы АҚШ-та және Еуропада қолданып жүр. Президенттік клиникадағы шеберлік класс аясында өткен операция - Қазақстанда жасалған алғашқы операция болды.


БАҚ біз туралы:https://tengrinews.kz/medicine/novyie-sposobyi-lecheniya-kolennogo-sustava-vnedryayut-390140/


Аурухана серіктестері