КОРЕЙЛІК МЕДИЦИНА: КОРЕЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ «СЕВЕРАНС» АТТЫ ҮЗДІК КЛИНИКАСЫНА ЖАСАЛҒАН САПАР ТУРАЛЫ

Северанс госпиталі – Оңтүстік Кореяның үздік медициналық мекемелерінің бірі. Осы күндері ҚР Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой және ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасы директорының бірінші орынбасары Тимур Мұратов аталған госпитальде сапарда жүр.

Корейлік медицина қандай? Қазақстаннан келген әріптестері Северанс клиникасының басшылығымен серіктестік туралы қандай сұрақтарды талқылады? Бұл туралы Президенттік клиника директорының бірінші орынбасары Тимур Мұратов әңгімелейді:

«Северанс клиникасы маңыздылығы жағынан Кореядағы 3-ке кіреді. Бүгін госпиталь басшылығымен кездесіп, клиникалар арасындағы ынтымақтастықтың перспективаларын талқыладық және клиниканың барлық құрылымымен танысып шықтық. Emergency department - жедел көмек көрсету бөлімшесіне ерекше көңіл бөлдік. Олардың жұмыс істеу алгоритмдері мен принциптерін көрдік.  Сондай-ақ, Халықаралық роботтандырылған хирургияның референттік орталығында болдық: оларда роботтың екі түрін пайдаланады екен – Da Vinci және сонымен қатар өздерінің Revo-I роботы».

2019 жылдың көктемінде Медициналық орталық жүйесінің бір бөлігі ретінде Медициналық орталық пен Президенттік клиника Северанс госпиталінің ресми серіктестері атанып, бұл екі аурухана арасындағы ынтымақтастықтың бастауы болды: 2019 жылдың күзінде Президенттік клиниканың Қалпына келтіру емі және оңалту орталығында Северанс госпиталі докторларының қатысуымен екі шеберлік-класс өтті. Осы сапар басырында, госпиталь басшылығымен жүргізілген келіссөздердің басты тақырыбы да жаңа шеберлік-кластар мен өзара тәжірибе алмасу болды.


cd7a76b2-2f54-4d70-a183-c0f1189383aa.jpg6eb56ffc-723f-4bcf-8f07-b9191f0adf0b.jpg
0a1865c7-577b-4695-bee2-516763fd8e13.jpg