Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Президенттік клиникадан пайдалы кеңестер. Ерекше қажеттілектері бар адамдар

  05.12.2019

Әлемде бір миллиардтан астам адам мүгедектікке шалдыққан. Мүмкін, біз оларды күнде кездестірмейтін де шығармыз, алайда олар біздің арамызда бар.

Президенттік клиникада дәрігерлер мен медициналық қызметкерлеріміз күн сайын нашар көретін, есту және қозғалу проблемалары сияқты дене мүмкіндіктері шектеулі келушілер мен пациенттерге қызмет көрсетеді. Аурухананың барлық аумағында олар өздерін ыңғайлы және жайлы сезіну үшін отыз пандус салынған, ал Президенттік клиниканың ішінде қабаттар арасында көтеріліп-түсу үшін ыңғайлы лифтілер жұмыс істейді және арнайы дәретхана бөлмелері бар.

Сонымен қатар, бүгін Ауруханада госпитальдық сервис қызметі жұмыс істейді. Онда жұмыс істейтін курьерлер күн сайын клиника аумағында көмекке мұқтаж келушілер мен пациенттерге ілесіп жүреді, себебі бізге келетін адамдардың қауіпсіздігі мен жайлылығына қамқорлық жасау - біздің басты міндеттеріміздің бірі.

Бүгін біздің инфографикамыз дене мүмкіндіктері шектеулі адамдардың қажеттіліктері туралы хабардарлықты арттыруға және оларға қолайлы және толыққанды өмір сүруге көмек көрсетуге арналған.

Инвалидность (каз).jpg


Аурухана серіктестері