Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Медициналық көмек көрсетудің мемлекетішілік стандарттарын халықаралыққа теңестіру шешімі Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығы жүйесінде тиімділігін көрсетті

  11.07.2019
Бүгін, Белорусь Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдеріне Медициналық орталықта және Президенттік клиникада қолданылатын тәсілдер мен әдістер туралы баяндалды.

Медициналық орталықтың басшысы Алексей Цой, биыл Медициналық орталық жүйесінің құрылғанына 90 жыл толатындығын, сондай-ақ бұл жерде сапа стандарттарына қатты көңіл бөлінетіндігін атап айтты. Қазақстанда медициналық ұйымдар аккредиттеуден өтіп жатыр және елдегі бар болғаны 7 клиника JCI халықаралық аккредиттеуден өткен (Президенттік клиника өз аккредиттеуін үш ай бұрын растады). Шетелдік пациенттер қандай да бір медициналық мекемені таңдау кезінде ең бірінші көңіл бөлетін нәрсе – осы белгі.

Алексей Цой: «Медициналық орталық клиникасы – бұл елге озық технологияларды, оның ішінде медициналық қызмет көрсету сапасы стандарттарын, енгізетін инновациялық есік сияқты, олар алдымен осында әбден сыналады, содан кейін қазақстандық денсаулық сақтау жүйесіне енгізіледі, облыстарға, аудандарға таратылады».

Президенттік клиниканың директоры Валерий Бенберин, JCI аккредитациясы дайынға келгенін, себебі Ауруханада кешенді профилактикалық тексеруге көп көңіл бөлінетіндігін айтты.

Валерий Бенберин: «Бұл механизм жасалған және қосылған – біздің жүйеде ауруларды басқару бағдарламасы жұмыс істейді, оған қант диабеті, артериялық гипертензия, жүрек қызметінің жетіспеушілігі, ӨСОА, бронх демікпесі жатады. Біздің пациенттер жыл сайын кешенді профилактикалық медициналық тексеруден өтеді, біз ағзаның көптеген индикаторлары бойынша скрининг жүргізе аламыз. Біз ең бастысы қазақстандық және шетел азаматтарына медициналық қызмет көрсетудің жоғары деңгейін ұсынамыз».
Қонақтарға JCI стандарты дегеніміздің кешенді бағалау жүргізетін және тек клиникалық көрсеткіштерді ғана емес, барлығын толық акредиттейтін жүйе екендігі баяндалды. Оған ғимараттың қауіпсіздігінен бастап пациенттің қауіпсіздігіне дейін мыңнан аса индикатор кіреді. 2019 жылы Президенттік клиника жаңаша, тіпті қатаң нұсқадағы аккредиттеуді растады.

2019.07.10 Делегация Беларусь 12019.07.10 Делегация Беларусь 22019.07.10 Делегация Беларусь 32019.07.10 Делегация Беларусь 42019.07.10 Делегация Беларусь 52019.07.10 Делегация Беларусь 6


Аурухана серіктестері