Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Президенттік клиниканың офтальмологтарын кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз!

  08.08.2019
Біз, өмірімізде бір рет болса да осы дәрігерге жүгінген шығармыз. Осы тұста басты сұрақ туындайды: офтальмолог – бұл окулист қой ия? Ия, айырмашылығы тек сөздің шығу тегінде: біріншісінің түбірі грек, екіншісінің – латын тілінен алынған.

Сонда да, кейбіреулер бұл екі сөздің арасында айырмашылық бар деп есептейді: офтальмолог деп – көздің көруін диагностикалау және профилактикасымен ғана емес, сондай-ақ, оны хирургиялық жолмен емдейтін көз маманын атайды.

Қалай дегенмен де, терминдерге қарамастан, бұл мамандық – қазіргі күндегі әлемдегі ең қажетті мамандықтың бірі: бүгінгі таңда сандарға толы өмірде, интернет және компьютер мен смартфонның үнемі жанып тұратын мониторына тәулік бойы қолжетімділіктің салдарынан көру проблемаларын көпшілігі бастан кешуде, ал барлық адамдар қауіп-қатер зонасында тұр деуге болады.

Офтальмолог – бізге тек көзіміздің жақсы көруін ғана емес, сондай-ақ, осы қабілетті барынша ұзақ сақтауға мүмкіндік беретін адам.

ҚР Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығы ауруханасының Офтальмология қызметінде біліктілігі бірінші және жоғары санатты 10 дәрігер жұмыс істейді және оны медицина ғылымдарының докторы Мадина Курманалиева басқарады. Қызметтің құрамына ІІІ хирургиялық бөлімшенің 6 төсектік тәуліктік стационары, 5 төсектік күндізгі стационар және емханалық звеноның 3 блогындағы офтальмологтар кабинеттері (профилактикалық, консультациялық-диагностикалық және ақылы бөлім) кіреді.

Сондай-ақ, Аурухананың ақылы бөлімінде консультация алуға және көзді емдеуге болады. Бұл жерде көз саулығын жоғары санатты дәрігерлер Шолпан Ескендирова және Ырзык Жарылгасинова қарайды.

Президенттік клиниканың офтальмологтарын кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз!

Аурухананың дәрігер-офтальмологтары туралы келесі сілтеме арқылы оқи аласыз:
http://bmcudp.kz/ru/about/hospital/2674


Аурухана серіктестері