Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

КӨМЕК ҚОЛЫ: ДЕНЕНІҢ ЕҢ ІРІ БУЫНДАРЫНЫҢ БІРІН ҚАЛАЙ ЕМДЕЙДІ.

  23.09.2019
Иығын төсеу, иыққа сүйену – ауызекі тілде денеміздің бұл бөлігі туралы атқанда бірден мықтылық, тірек, сенімділік сөздері ойға келеді. Бейнелі сөйлемдерге қарамастан, иық, нақтырақ айтқанда иық буыны, шығару немесе сіңірдің үзілуі нәтижесінде зақымдап алу қиын емес.

Президенттік клиниканың травматолог-ортопеді Асқар Баймухаметов адам иығының қаншалықты мықтылығын және Ауруханамызда оның функцияларын қалай қалпына келтірілетіндігі туралы әңгімелейді.

2019.09.23 арстроскопи 1

ИЫҚТЫҢ ТАРИХЫ
Иық буыны – ағзадағы күрделі және ең үлкен буындардың бірі. Өйткені, оған  қозғалыстың үлкен салмағы түседі, соның арқасында біз қолдарымызды бүгеміз, жазамыз, ашамыз, жинаймыз, сондай-ақ айналдырамыз. Осы дене қимылдарының бәрін біз күн сайын орындаймыз, оның патологиясы немесе жарақатын бастан кешпей, тіпті бұл әрекеттердің иық буынының көмегімен жасалатындығы туралы ойланбаймыз.

2019.09.23 арстроскопи 2

Иық буынына байланысты көптеген аурулар мен зақымдар бар. Ең бірінші орында – жарақат сипатындағы буынның шығуы, одан кейін – иық сіңірінің үзілуі.

Осы тұста тереңірек тоқталып өтейік. Иық буыны сүйектерді бекітетін немесе қосатын төрт үлкен сіңірден тұрады: жауырынастылық бұлшықеттердің сіңірі, қылқанастылық бұлшықет,  кіші жұмыр бұлшықет – оларды тағы ротаторлық деп те атайды, яғни айналдырылмалы, иық манжеті сіңірі. Осы сіңірлердің арқасында біз қолдарымызды және иықтарымызды баяу және ауыртпай қозғалтамыз.

 

Осыған сәйкес көрсетілген сіңірлердің біреуі зақымдалса, адамда ауыру сезімі пайда болады, буынды қозғалту қиындай түседі. Бұл белгілердің барлығы иық функциясының бұзылуын білдіреді.

2019.09.23 арстроскопи 3

ИЫҚТЫ ЕМДЕУ

Бүгін біз артроскопияның көмегімен иық зақымдары мен жарақаттарын емдеуді ұсынамыз. Бұл аз инвазиялық тәсіл, үлкен кесіксіз манипуляциялау, оны біз буын тұсын кішкентай тесіктер жасау арқылы орындаймыз.

 

Біз, өткір ұшты скальпельдің көмегімен диаметрі максимум жарты сантиметр болатын тесік жасаймыз. Осы тесік арқылы буын қуысына немесе буын үсті бөлігіне алдымен троакар құралын орнатамыз. Жақсы көрінуі және іс-әрекеттердің ептілігі үшін сол тұсты сумен толтырамыз.  

 

Екінші және үшінші тесу кезінде біз буын ішіндегі операцияның барлық процесін, және манипуляцияға арналған құрылғыны көру үшін камерасы бар құралды кіргіземіз. Біз онымен тігеміз, ұстаймыз, тесік жасаймыз, тоқпанжіліктің басына арнайы фиксатор орнатамыз. Осылайша, біз бекітеміз және осы құралмен иық буынының зақымдалған бөлігін тігеміз.

 2019.09.23 арстроскопи 4

Операция нәтижесінде пациент тек емделген иықпен ғана шықпайды: манипуляция орнында тыртық қалмайды, ал жазылу процесі жылдам өтеді, бұл инфекциялық асқыну қаупінің пайда болуын төмендетеді. Ол ашық операциямен салыстырғанда 0,1% құрайды.

 

ОҢАЛТУ

Белгілі болғандай,  операция – мәселенің тек бір қыры ғана: маңызды процесс одан кейін басталады, себебі буынның қалпына келуі сауатты кәсіби оңалтуға байланысты болады. Бұл біздің Аруханада ұсынатынымыз: Президенттік клиниканың травматолог-ортопед хирургтары Оңалту және қалпына келтіру емі орталығы дәрігерлерімен тығыз жұмыс істейді. Бұл жерде біздің пациенттерімізбен қозғалысы көп толыққанды өмірге жылдам және ауырсынбай оралуына көмектесетін реабилитологтар, физиотерапевтер және емдік дене шынықтыру мамандары жұмыс істейді.

 

Операцияның құны –150 мың теңгеден басталады.

 



Аурухана серіктестері