Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Президенттік клиника хирургтері робот-ассисттелген хирургия технологиясын қолдануда өз мүмкіндіктерін кеңейтеді

  19.02.2019

ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасында робот-ассисттелген қондырғыда бүйрек ісігін жою үшін урологиялық және жатырды алып тастаудағы гинекологиялық жаңа операциялар жасауды бастады. Операциялар роботталған хирургия бойынша сарапшы мамандар дәрігер-уролог Дэвид Самади және профессор Стефано Джидароның қатысуымен жасалды. 

2019.02.19 робот-ассистированная хирургия 1

Президенттік клиникасының Роботталған хирургия орталығында, операция робот-ассисттелген қондырғыда жаңа жабдық қолдануымен жасалды. Мысалы, осы жолы қан жоғалтуды азайту мен операцияға кететін уақытты үнемдейтін ультрадыбыстық дисектор қолданылды.

2019.02.19 робот-ассистированная хирургия 2

«Қан жоғалуының әлдеқайда азайуы және де пациеннтердің денсаулығы тез қалпына келуіне себепші келетін роботтың негізгі артықшылықтары - өте дәлдігі, көріністі жақсартуы. Робот толықтай хирургтың бақылауында болады. Тәжірибелі дәрігердің қолында жақсы нәтижеге әкеліп, адам өмірін сақтап қалатын тиімді құрал», - деп атап өтті, Аурухананың хирургтеріне робот-ассисттелген технология бойынша кеңес беретін америкалық дәрігер-уролог Дэвид Самади.

Ультрадыбыстық дисектор (әлемде тұңғыш рет Senhance құрылғыда), бүйрек ісігін (бүйректің ішінара нефрэктомиясы) алып тастау үшін урологиялық операция кезінде Медицина орталығының ауруханасында қолданылған болатын. Пациентке диагноз ауруханада компьютерлік томография өткеннен кейін барып қойылды.

«Шындығында, бұл өте күрделі операция табысты өтті. Әрине, бүйректі алып тастау жеңілірек болды, бірақ біз ағзаны сақтап қалу үшін операция жасадық. Сол бүйрекке ішінара нефрэктомия жасалып, яғни бүйрек жартылай алынып тасталды. Жас әйелдің, екі бүйрегіде орнында қалып, органдардың функциялары сақталды, пациент әрі қарай сау адам ретінде өмір сүре береді», - деп әңгімеледі дәрігер Ерлан Еңсебаев.

2019.02.19 робот-ассистированная хирургия 3

Аурухананың гинеколог-дәрігерлері Senhance қондырғыны қолданып лапароскопиялық робот-ассисттелген операцияларды жасауды: анабездің кисталарын алуды, жатырды толық алып тастауды, жатыр түтігін алып тастау операцияларын бастады. Доктор Гүлбарам Башарова роботтың көмегімен толық гистерэктомия жасады.

2019.02.19 робот-ассистированная хирургия 4

«Толық гистерэктомия» - жатырдың және іргелес ағзалардың алынуы. Пациенттің жатыр мойнағында патология және миома болды. Бүгінгі күні біздің ауруханада алғаш рет осындай операцияларды жасау үшін «радио» атты құралды қолдандық. Бұл адам қолының қызметін атқара отырып хирургтерге адам ағзасында неғұрлым дәл және тиімді манипуляциялар жүргізуге арналған артикуляциялық аспап», - деп әңгімеледі Гүлбарам Башарова.

2019.02.19 робот-ассистированная хирургия 5

ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасындағы Senhance қондырғысында робот-ассисттелген технологияны қолданып 55 күрделі операция жасалды. Роботталған операциялар урологиядағы, гинекологиядағы және жалпы хирургиядағы емдеудің заманауи, анағұрлым тиімді әдісі болып келеді (пациенттің денесіне кішкене тілімдер арқылы ішкі ағзаларға операциялар жасалады). Көріністі бірнеше есе үлкейту, қолдың дірілін мүлде болдырмай, қателерден сақтау сияқты хирургтерге арналған қосымша артықшылықтары да бар. Үлкен кесіктердің болмауы, қанның аз кетуі, науқастың жедел қалпына келуі, бұның бәрі пациенттерге деген жағымды мүмкіндіктер. Роботталған хирургияны оқыту орталығы Президенттік клиникада 2018 жылдың қараша айында ашылған.

Робот-ассисттелген технология бойынша толығырақ ақпаратты келесі сілтемеден көруге болады: http://bmcudp.kz/kz/activities/robot-assisted-surgery/


Аурухана серіктестері