Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Монғолияның Президенттік ауруханасы мен ҚР ПІБ МО ауруханасы арасында меморандумға қол қойылды

  01.06.2023
Монғолияның Президенттік ауруханасы мен ҚР ПІБ МО ауруханасы арасында меморандумға қол қойылды

ҚР ПІБ МО ауруханасы директорының хирургия жөніндегі орынбасары, жоғары санатты нейрохирург дәрігер Мыңжылқы Бердіқожаев Монғолияның Ұланбатыр қаласында өткен «Цереброваскулярлық ауруларды дәл диагностикалау және емдеу» халықаралық конференциясына қатысты.

Қазақстан, Ресей, Оңтүстік Корея, Жапония, Ұлыбритания елдерінің білікті мамандары қатысқан конференцияда нейрохирург дәрігер Мыңжылқы Бердіқожаев «Ми қантамырларының стенозы», «Ми ісіктерін эндоскулярлық  жолмен емдеу жолдары» және «CEREBRA AI – инсультті диагностикалауға арналған жасанды интеллект негізіндегі бағдарламалық құрал» тақырыптарында баяндама оқып, тәжірибеде қолдану жолдарын түсіндірді.

Іссапар барысында ҚР ПІБ МО ауруханасы мен Монғолияның Президенттік ауруханасы арасында серіктестік туралы меморандумға қол қойылды. Меморандум аясында монғолиялық әріптестер ҚР ПІБ МО ауруханасында білім мен біліктілігін арттыра алады және нейрохирургиялық операциялар жасауды үйренеді.

Монғолияның Президенттік ауруханасы алдыңғы қатарлы дамыған бағыттардың бірі жалпы органдар тарнсплантациясы болғандықтан, сұранысқа қарай МОА мамандарын оқыту және тәжірибе алмасу жоспары бар.

– Біз бұл аурухананың дәрігерлерімен мұның алдында да бірге жұмыс істедік. Олардың бір қызметкері Алматыдағы Орталық клиникалық ауруханада 3 айлық тәжірибеден өтіп жатыр. Біздің әріптестер Монғолияға барғанда алған білімін жұмыс барысында қолдануына көмектесеміз. Бұл меморандум екі тараптың мамандарына да білім мен білік, тәжірибе алмасуға жол ашады, – дейді ҚР ПІБ МО ауруханасы директорының хирургия жөніндегі орынбасары Мыңжылқы Бердіқожаев.




Аурухана серіктестері