Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

ҚР ПІБ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АУРУХАНАСЫНДА «РОШ ҚАЗАҚСТАН» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

  31.01.2023
ҚР ПІБ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АУРУХАНАСЫНДА «РОШ ҚАЗАҚСТАН» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Кездесуге «Рош Қазақстан» компаниясының ғылыми қолдау департаментінің медициналық директоры Людмила Ракович, кәсіби біліктілікті дамыту жөніндегі әріптес Инна Ганнибал, компанияның нарықтық даму және мемлекеттік билік мекемелерімен өзара стратегиялық ықпалдастық жөніндегі бөлім басшысы Марғұлан Оспанов, денсаулық сақтау жүйесімен өзара ықпалдастық жөніндегі әріптес Тимур Аманбеков, «Kazakh Invest» жобалары жөніндегі басшы Алмат Жұмабаев қатысты. Шара барысында компания өкілдері диагностикалық блоктағы Аурухана бөлімшелері жабдықтарының мүмкіндіктері, циклотронды-өндірістік кешен, неврология бөлімшесі, реабилитациялық, терапиялық көмектің жұмыстарымен танысты.

F.Hoffmann компанияларының тобына кіретін Roche швейцариялық холдингі фармацевтика мен диагностика салаларындағы әлемдегі көшбасшыларының бірі. 1993 жылы Қазақстанда бұл компанияның өкілдігі ашылды. Ал 2013 жылдан бастап холдингтің мүдделерін «Рош Қазақстан» ЖШС білдіреді.

Кездесу нәтижесінде дәрігерлер арасында тәжірибе алмасу, дәрігерлер мен орта медициналық персонал үшін білім беру іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ, телемедицина мүмкіндіктерін пайдалану бойынша серіктестіктің одан әрі бағыттары мен қадамдары айқындалды.

ПІБ Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой «РОШ Қазақстан» өкілдеріне табыс тілеп, олар Қазақстан медицинасының дамуы мен өркендеуіне елеулі үлес қосатынына сенім білдірді. Сондай-ақ, алдағы уақытта компаниямен тығыз әріптестік байланысты одан әрі ғылыми бағытта дамытуға мүмкіндіктің мол екенін жеткізді.




Аурухана серіктестері