Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Инсульттан кейін қалыпты өмірге қайта оралуға бола ма?

  26.01.2023
Инсульттан кейін қалыпты өмірге қайта оралуға бола ма?

Кешенді оңалтудың маңыздылығы неде?

Міне, осы сұрақтар төңірегінде қалпына келтіру емі және оңалту орталығының реабилитолог маманы Гүлжан Қайыржанова «ҚазАқпарат» тілшісіне сұқбат берді.

Батыстың соңғы технолгияларымен жабдықталған аталмыш орталық инсульттан, түрлі жарақат салдарынан болған операциялардан кейін науқастарды оңалтумен, олардың өмір сапасын қалпына келтірумен айналысып келеді. Бұл орталықта пациенттермен жұмыс істеу дәрігерлер тарапынан үлкен жұмысты талап етеді. Себебі, пациенттердің бәрі бірдей емес. Өмірдің соққысына шыдай алмай, өзін-өзі тастап жіберетіндері де бар. Міне, осы жағдайда, дәрігерлер команда болып кешенді ем түрін тағайындауға тырысады. Ол үшін орталықта барлық жағдай жасалған. «Бір қуантатыны, қазіргі таңда кез-келген адам Ауруханамыздың қызметтерін пайдалана алады. Тіпті, МӘМС жүйесі арқылы өңірлерден тегін келіп емделетін пациенттердің де саны артып келе жатыр» - деді, Г. Қайыржанова.

Сондай-ақ, Г. Қайыржанованың айтуынша, Аурухана дәрігерлерінің біліктілігін жетілдіру, медициналық қызмет сапасын арттыру бойынша жаңа жоба әзірленіп жатыр. Жоба аясында орталық мамандарымен роботталған жүйені қолданудың жаңа әдістері енгізілмек.



Аурухана серіктестері