Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Амбулаториялық қызметтің заманауи мүмкіндіктері

  18.01.2023
Амбулаториялық қызметтің заманауи мүмкіндіктері

2023 жылдың 18 қаңтар күні ҚР ПІБ МО ауруханасы терапиялық бөлімшесінің меңгерушісі Гүлбану Князова Ақтөбе қаласындағы «Медициналық орталықтар күніне» қатысты. Үш күн қатарынан өткен жиында, бөлім басшысы «Медициналық орталық ауруханасының амбулаториялық қызметінің заманауи мүмкіндіктері» тақырыбында баяндама оқыды.

2022 жылдың 17 қарашасында Аурухана жанынан 200 төсек-орындық емдік-диагностикалық блок ашылған болатын. Бұл блокта білікті мамандар инсульттан, миокард инфарктісінен, кардиохирургиялық, нейрохирургиялық және ортопедиялық операциялардан кейінгі пациенттерді оңалтумен айналысады. Терапиялық бөлімше меңгеруші Г. Князова жаңа ғимаратта орналасқан блоктың әлеуметтік маңыздылығы мен болжамды нәтижелеріне тоқталды. Сондай-ақ, клиникада енгізіліп жатқан жаңа технологиялар мен жабдықтардың диагностикалық мүмкіндіктерін кеңінен баяндады.




Аурухана серіктестері