Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасына Моңғол Халық Республикасы клиникасынның өкілдері келді

  02.12.2022
ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасына Моңғол Халық Республикасы клиникасынның өкілдері келді

ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасы Моңғол Халық Республикасы клиникасына медициналық қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәжірибесімен бөлісті.

Монғолия клиникасының кеңейтілген делегациясы Медициналық орталығы ауруханасындағы пациенттердің сапасы мен қауіпсіздігін басқару саласындағы үздік тәжірибелер мен технологиялардан хабардар болды.

Делегация мүшелері ауруханадағы хирургиялық бөлімшелердің, емхананың, Check up бөлімшесінің, сондай-ақ тіркеу орнының жұмысын ұйымдастырудағы жұмыстармен танысты. Сонымен қатар ұлттық аккредиттеуден және JCI халықаралық аккредиттеуден өту рәсіміндегі аурухананың жетістіктерімен егжей-тегжейлі танысты.

Сапар қорытындысы бойынша денсаулық сақтау саласындағы, оның ішінде екі ел үшін ерекше маңызы бар аурухананың үздік тәжірибелерін трансферттеу бойынша одан әрі ынтымақтастық туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Кездесу ҚР «Денсаулық сақтау саласындағы сыртқы кешенді бағалау жөніндегі сарапшылардың және кеңесшілердің қоғамдық бірлестігі» ҚБ қолдауымен ұйымдастырылды.




Аурухана серіктестері