Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

МОА Эпилептология орталығы

  27.09.2022
ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының Эпилептология орталығында эпилепсия ауруын емдеу және мониторинг жүргізу үшін бірнеше маман бірлесіп жұмыс істейді. Дәрігерлердің айтуынша, диагностика мен терапия дұрыс таңдалса, эпилепсияны емдеуге болады.

- Медициналық орталық ауруханасындағы Эпилептология орталығы аталған ауруды емдеудің толық циклын қамтиды, – дейді ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының эпилептолог-дәрігері Жасұлан Өтебеков. – Біз  кеңес беру, диагностика және зерттеу жұмыстарын жүргіземіз. Операция эпилепсияны емдеу үшін арнайы бөлінген квота бойынша жүргізіледі. 

Орталықта аурудың алғашқы диагностикасы, хирургиялық алдын – ала зерттеу, хирургиялық емдеу, пациентті операциядан кейінгі емдеу, сондай-ақ зертханалық диагностика жүргізіледі.  Яғни дәрігерлер эпилепсия ұстамасы бар пациент үшін белгілі бір препараттың тиімділігін тексереді.

Орталық мамандарынан құралған команда құрамында эпилептологтармен және нейрохирургтармен қатар функционалдық диагностика бөлімшесінің дәрігерлері, радиолог-дәрігерлер, неврологтар, клиникалық фармакологтар да бірлесе жұмыс істейді.

Аурухана серіктестері