Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Тыныс алу гимнастикасы техникасы сыртқы тыныс алу қызметін қалпына келтіру

  09.07.2020
Коронавирустық инфекцияның негізгі салдарының бірі - тыныс алу жеткіліксіздігінің дамуы, ол аздаған физикалық жүктеме түскенде алқыну және тыныс алудың жиілеп кетуімен байқалуы мүмкін. Бұл асқынулардың алдын алу үшін тыныс алу жеткіліксіздігінің алдын алу, табиғи тыныс алуды қалпына келтіру және қолдау, тыныс алу бұлшықеттерін белсендіруге бағытталған арнайы жаттығуларды орындау ұсынылады.

Біз сіздердің назарларыңызға аурудан кейін толық қалпына келген, бірақ тыныс алу функцияларын жақсарту қажет екенін сезінетін адамдарға орындауға ұсынылатын жаттығулардың үшінші кешенін ұсынамыз.

Сондай-ақ, пандемиямен күресу үшін барлық алдын алу шараларын орындаудың маңыздылығын естеріңізге саламыз.


Аурухана серіктестері