Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Баршаға арналған медицина: елімізде өтіп жатқан басты жаһандық іс-шараға денсаулық сақтау саласының өкілдері жиналды

  08.11.2019

Инновация в медицине-1.jpg

Жыл сайын өтетін «Медицинадағы инновациялар» форумы осы күндері Алматыда өтіп жатыр. Биыл ол Қазақстанның көне медициналық қызметінің мерейтойына – 2019 жылы 90 жыл толып отырған Президент Ісі Басқармасы Медициналық орталығы жүйесіне арналды.

Медицинадағы жаңалықтар – тренд емес, бұл саладағы инновациялар ыңғайлылық пен жайлылық үшін жасалмайды: жаңа технология, барынша тереңірек зерттеу, жетілдірілген әдістемелер, әдетте, бұл пациент үшін сауығу, емделу және тіпті құтқару мүмкіндігін одан әрі жоғарылата түседі.

Инновация в медицине-2.jpg

Орташа статистикалық массаға емес, әр пациенттке бағытталған, жасалған манипуляциялардың іздері барған сайын байқалмайтын, ал нәтижесі күннен күнге нақты және тиімді бола түскен технологиялық медицина – Алматыдағы докторлардың, медицина қызметінің сарапшылары мен менеджерлерінің талқылаған басты тақырыптары болды.

Қатысушылар географиясы – халықаралық, олардың ішінде әлемнің танымал клиникалары мен медициналық компанияларының өкілдері: Оңтүстік Корея, Жапония, Германия және Ресейден келген. Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы жүйесінің тоқсан жылдығындағы инновациялар туралы осы кәсіби әңгіме – елдегі денсаулық сақтау саласының дамуы - деген маңызды сипатқа ие болып отыр.

Инновации в медицине-3.jpg

❝Қазіргі медицинада бір аурумен ауыратын қарапайым пациенттер жоқ деген түсінік бар. Біз бірнеше аурулары бар және олар бір-бірін толықтыратын және асқындыратын коморбиді пациенттерді жиі кездестіреміз. Тиісінше, мұндай жағдайды диагностикалау мен емдеу қиынға соғады: бұл кезде әсер ету механизмдері бір-біріне қайшы келмейтін препараттарды таңдау қажет және бұл бүгінгі медицинаның маңызды мәселесіне айналды. Тәжірибеміз көрсетіп отырғандай, нарықта көптеген дәрілік заттар бар. Оларды дұрыс тағайындау, дұрыс комбинацияларда беру – бұл дәрігердің өнері. Осы орайда, біздің конференциямыз, біздің секциямыз дәрігерлерге әдетте оқулықтарда айтылмайтын коморбидті пациенттерді емдеу саласындағы білімдерін жетілдіруге көмектеседі деп ойлаймын, - дейді Президенттік клиника директорының емдік-диагностикалық жұмыс жөніндегі орынбасары және «Күрделі пациент: клиникалық ұсыныстардан нақты клиникалық практикаға» секциясының модераторы Раушан Қарабаева.❞

Инновации в медицине-4.jpg

Әрбір пациентке деген тәсіл - терапия мен емдеуге ғана емес, сондай-ақ жеке ағзаның сипаттамалары мен қасиеттеріне баса назар аударылатын дербестендірілген медицинаға қатысты, сондай-ақ заманауи диагностика мен зерттеулерді де қозғайды. Сондықтан да, генетика ғылымының жетістіктері маңызды. Президенттік клиниканың геномдық зертханасында бүгінгі күні зерттеудің жиырма екі түрі жүргізіледі. Олардың қатарында біздің еліміз үшін бірегейі – адам геномын толық секвендеу, оның көмегімен аутизмнің дамуына,  психомоторлық дамуының кешігуіне және онкологиялық ауруларға генетикалық бейімділігін анықтауға болады. Осының барлығы ДНҚ және РНҚ тізбектілігін, NGS жаңа буынының жоғары өнімді секвендеу жүйесімен талдайтын аппаратты анықтауға мүмкіндік береді.

Инновации в медицине-5.jpg

❞- Бүгін, ғалымдар бұрын зерттелмеген адам ағзасындағы жаңа «орган» туралы айтады. Қазіргі уақытта ішек микробиотасы (қалыпты микрофлорасы) сыртқы факторлардан туындаған өзгерістер кезінде өздігінен тоқтайтын қосымша (виртуалды) көп жасушалы метаболизмдік белсенді «орган» ретінде қарастырылады. Бұл «орган» адам салмағының 3% құрайды. Адамның ішектерінде өмір сүретін бактериялардың арқасында оның энтеротипін анықтауға болады және адамның қандай ауруларға, мысалы, қант диабетіне, метаболизмдік және онкологиялық ауруларға бейімділігін анықтауға болады. Оның жоғары пайызымен пациенттің ішек обырының бастапқы процесі жүріп жатқанын көрсететін маркерлер болып табылатын арнайы бактериялардың бар-жоғын анықтауға болады, - деп атап өтті Президенттік клиниканың Геномдық зертханасының меңгерушісі, профессор Гүлшара Әбілдинова. Дәрігер ішек микробиомын зерттеуді «Дербестендірілген медицина: дербестендіру, предикция» секциясында таныстырады.❞

Дегенмен, технологиялар саласындағы инновациялар туралы айтатын болсақ, олардың арасында ең әсерлі және технологиялардың ішіндегі роботталған хирургия. Бүгінде оны Президенттік клиниканың докторлары жалпы хирургия, урология және гинекология саласында қолданып жүр. Медициналық орталық ауруханасының дәрігер-гинекологы Гүлбарам Башарова робот-ассисттелген қондырғы көмегімен жасалған операциялар тәжірибесі туралы әңгімеледі:


Инновации в медицине-6.jpg

❝ - Біз 2018 жылдың қазан айынан бастап 2019 жылдың қазан айына дейін роботтандырылған жүйені қолданып 63 гинекологиялық операция жасадық. Гинекологияда "TransEnterix" робот-ассисттелген лапароскопия жүйесін қолдану стандартты лапароскопиялық операциялардағы сияқты қауіпсіз. Роботтың қолында орнатылған хирургиялық құралдар маманға әрбір манипуляцияны бақылай отырып, қозғалыстардың кең ауқымын жоғары дәлдікпен жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қол жетімді әдебиетте көптеген зерттеулер роботталған хирургия дәстүрлі лапароскопиялық немесе вагиналық операцияларды алмастырмауы тиіс деп көрсетеді, алайда ең аз минималды инвазиялық хирургия басқа тәсіл ретінде қарастырылуы тиіс.❞

Инновации в медицине-7.jpg

❝- Бүгінгі таңда біз тағы бір перспективалық инновациялық жобаны – тоғыз радийактивті фармакологиялық препараттар шығаратын циклотрондық-өндірістік кешен құрылысын жүзеге асырудамыз. Осының барлығы позитронды-эмиссиялық компьютерлік томографияны, сондай-ақ бірфотонды эмиссиялық компьютерлік томографияны пайдалана отырып, онкологиялық және әлеуметтік маңызы бар ауруларды диагностикалау мен емдеуді жоғары дәрежеде дұрыс жүргізуге мүмкіндік береді", - дейді Президенттік клиниканың директоры, профессор Валерий Бенберин. Аурухананың Ядролық медицина орталығы туралы әңгімеде радиациялық қауіпсіздік тақырыбын айналып өтпеді. Ауруханада ол үшін жеке дозиметриялық бақылау қолданылады.❞

Инновации в медицине-8.jpg

❝- Жеке дозиметрлік бақылау персоналдың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қызметкердің сәулелену дозасын бақылау үшін қажет. Дозалардың рұқсат етілген деңгейі асып кеткен жағдайда қызметкерді қорғау бойынша қажетті шараларды уақтылы қолдануға болады, - деп толықтырды Президенттік клиниканың Ядролық медицина орталығының Радиациялық қауіпсіздік қызметінің меңгерушісі Үмітәлі Түйчиев.❞

Инновации в медицине-9.jpg

Неғұрлым аз болса – соғұрлым жақсы. Неғұрлым ертерек болса – соғұрлым тиімдірек. Жеке болса – нәтижелі болмақ. Бұлардың барлығы бүгін медицинадағы инновацияның басты бағыты. Сонымен қатар, инновация – бұл тек технологиялар ғана емес, сондай-ақ жаңа білім. Форум барысында докторлар бұрыннан белгілі және зерттелген өкпе, жүрек, ми ауруларын емдеуде, сондай-ақ сәулелік диагностика, гендік және ядролық медицина мүмкіндіктері, бұл ауруларды барынша нақты, әрі ертерек диагностикалауды талқылайды. Осыдан тоқсан жыл бұрын Президент Іс Басқармасының Медициналық қызметі пайда болған кезде, оны елестету мүмкін болмаған шығар.

БАҚ быз туралы: https://www.zakon.kz/4993945-meditsina-dlya-kazhdogo-na-glavnom.html


Аурухана серіктестері