Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90

Бос жұмыс орындары

Түйіндемеңізді kazakanova@bmc.mcudp.kz электрондық мекенжайына жолдай аласыз



«Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК
бос лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу туралы 2022 жылғы
01 желтоқсандағы хабарландыру

Дәрігерлік персонал:

1. Рентгенхирургия бөлімшесінің меңгерушісі (1,0 мөлшерлеме, бос)
Біліктілікке қойылатын талаптар: «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары білім және (немесе) тиісті мамандық бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім, «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша сертификаттау курсынан (қайта даярлаудан) өткені туралы сертификат және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілік сертификаты, маман сертификаты. Басшы лауазымдарда жұмыс өтілі немесе денсаулық сақтау саласындағы мамандығы бойынша 3 жылдан кем емес еңбек өтілінің болуы.

Орта медициналық персонал:

1. Ядролық медицина бөлімшесінің емшара мейіргері (1,0 мөлшерлеме, бос)
Біліктілікке қойылатын талаптар: «Мейіргер ісі» (немесе «Емдеуісі», «Акушерлік іс») мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) медициналық білім, тиісті мамандық бойынша, сондай-ақ «Зертханалық диагностика», «Фельдшер-зертханашы», «Гигиена, санитария және эпидемиология» мамандығы бойынша маман сертификаты, «Санитариялық фельдшер», «Стоматология», «Тіс дәрігері», осы лауазымға 2003 жылғы 11 ақпанға дейін кіріскен «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша қайта даярлау туралы сертификат немесе «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша орта білімнен кейінгі білім (қолданбалы бакалавриат) немесе «Емдеу ісі», «Педиатрия» мамандығы бойынша жоғары медициналық білім, «Жалпы медицина», «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша бакалавриат және біліктіліктің орташа деңгейімен сертификат.

Басқа персонал

1. Инжеренлік-шаруашылық бөлімі басшысының орынбасары (1,0 мөлшерлеме, бос)
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары кәсіби (техникалық) білімі бар. Басшылық қызметте және инженерлік-шаруашылық саласында кемінде 5 жылдан кем емес еңбек өтілінің болуы шарт.

Құжаттарды қабылдау «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК мекенжайында жүзеге асырылады: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел көшесі, 80, F-блок, 3-қабат, 61-кабинет. Тел.: +7 (7172)70-80-11, 70-80-90 (ішкі 7253), сондай-ақ Omarovarb@bmc.mcudp.kz электрондық поштасына жіберуге болады.




 «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК

бос лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу туралы 2022 жылғы
18 қарашадағы хабарландыру

 

Дәрігерлік персонал:

1. Рентгенхирургия бөлімшесіне  интервенциялық кардиолог дәрігер (1,0 мөлшерлеме, бос)

Біліктілікке қойылатын талаптар: «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары білім және (немесе) тиісті мамандық бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім, «Кардиология (интервенциялық кардиология (ересектер)» мамандығы бойынша маман сертификаты. Жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.

2. БМСК 2-бөлімшесі және 1 денсаулық пунктіне эндокринолог-дәрігер (1,0 мөлшерлеме, бос)

Біліктілікке қойылатын талаптар: «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары білім және (немесе) тиісті мамандық бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім, «Эндокринология» мамандығы бойынша маман сертификаты. Жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.

3. БМСК 2-бөлімшесі және 1 денсаулық пунктіне дерматовенеролог-дәрігер (0,5 мөлшерлеме, бос)

Біліктілікке қойылатын талаптар: «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары білім және (немесе) тиісті мамандық бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім, «Дерматовенерология» мамандығы бойынша маман сертификаты. Жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.

4. Консультациялық-диагностикалық бөлімшесіне хирург-дәрігер (1,0 мөлшерлеме, бос)

Біліктілікке қойылатын талаптар: «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары білім және (немесе) тиісті мамандық бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім, «Жалпы хирургия» мамандығы бойынша маман сертификаты. Жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.

5. Консультациялық-диагностикалық бөлімшесіне онколог-дәрігер (1,0 мөлшерлеме, бос)

Біліктілікке қойылатын талаптар: «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары білім және (немесе) тиісті мамандық бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім, «Онкология» мамандығы бойынша маман сертификаты. Жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.

6. Қабылдау бөлімшесіне терапевт-дәрігер (4,0 мөлшерлеме, бос)

Біліктілікке қойылатын талаптар: «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары білім және (немесе) тиісті мамандық бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім, «Терапия» мамандығы бойынша маман сертификаты. Жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.

7. Клиникалық-диагностикалық зертхананың Персоналды геномдық диагностикасына резидент-дәрігер (0,5 мөлшерлеме, бос)

Біліктілікке қойылатын талаптар: «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары білім және (немесе) тиісті мамандық бойынша маман сертификаты. Интернатураны аяқтағаны жөнінде куәлік.

8. Ақылы қызмет көрсету бөлімшесіне гастроэнтеролог-дәрігер (1,0 мөлшерлеме, бос)

Біліктілікке қойылатын талаптар: «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары білім және (немесе) тиісті мамандық бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім, «Гастроэнтерология» мамандығы бойынша маман сертификаты. Жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.

9.  5 терапиялық бөлімшесіне ревматолог-дәрігер (1,0 мөлшерлеме, бос)

Біліктілікке қойылатын талаптар: «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары білім және (немесе) тиісті мамандық бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім, «Ревматология» мамандығы бойынша маман сертификаты. Жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.

Орта медициналық персонал:

1. Операциялық мейіргер - Трансфузиология кабинетімен операциялық блокқа (6,0 мөлшерлеме, бос)

2. №6 хирургиялық бөлімшенің мейіргері (2,0 мөлшерлеме, бос)

3. №1 хирургиялық бөлімшенің мейіргері (1,0 мөлшерлеме, бос)

4. Анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесіне ҚТП мейіргері (2,0 мөлшерлеме, бос)

5. КТ және МРТ лаборант (1,0 мөлшерлеме, бос)

6. №2 хирургиялық бөлімшенің мейіргері (1,0 мөлшерлеме, бос)

Біліктілікке қойылатын талаптар: «Мейіргер ісі» (немесе «Емдеу ісі», «Акушерлік іс») мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) медициналық білім, тиісті мамандық бойынша, сондай-ақ «Зертханалық диагностика», «Фельдшер-зертханашы», «Гигиена, санитария және эпидемиология» мамандығы бойынша маман сертификаты, «Санитариялық фельдшер», «Стоматология», «Тіс дәрігері», осы лауазымға 2003 жылғы 11 ақпанға дейін кіріскен «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша қайта даярлау туралы сертификат немесе «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша орта білімнен кейінгі білім (қолданбалы бакалавриат) немесе «Емдеу ісі», «Педиатрия» мамандығы бойынша жоғары медициналық білім, «Жалпы медицина», «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша бакалавриат және біліктіліктің орташа деңгейімен сертификат.

Басқа персонал

1. Инжеренлік-шаруашылық бөлімнің басшысы (1,0 мөлшерлеме, бос)

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары кәсіби (техникалық) білімі бар. Басшылық қызметте және инженерлік-шаруашылық саласында кемінде 5 жылдан кем емес еңбек өтілінің болуы шарт.

2. Таза орынжайлар кешені, желдету және бақылау-өлшеу құралдары мен автоматика қызметінің АӨС және ДХ инженері (1,0 мөлшерлеме, бос)

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары кәсіби (техникалық) білімі бар еңбек өтілі 1 жылдан кем емес немесе орта кәсіби техникалық білімі бар мамандығы бойынша 3 жылдан кем емес еңбек өтілінің болуы шарт.

Құжаттарды қабылдау «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК мекенжайында жүзеге асырылады: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел көшесі, 80, F-блок, 3-қабат, 61-кабинет. Тел.: +7 (7172)70-80-11, 70-80-90 (ішкі 7253), сондай-ақ Omarovarb@bmc.mcudp.kz электрондық поштасына жіберуге болады.

 



Дәрігер-сарапшы
Біліктілік талаптары
Жоғары медициналық білім, тиісті мамандық бойынша денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты, тиісті мамандық бойынша жоғары біліктілік санаты.
Кәсіптік қызметтегі тәжірибесі
Денсаулық сақтау саласында кемінде 6 жыл жұмыс тәжірибесі, медициналық қызметтер сапасына ішкі және сыртқы сараптама жүргізу тәжірибесі.
Білуі тиіс
Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының заңдары, денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілер; медициналық қызмет сапасын сараптау негіздері, сапа менеджменті жүйесінің стандарттары, JCI халықаралық және ұлттық аккредиттеу стандарттары; аурулардың халықаралық және отандық жіктелу негіздері; медициналық сақтандыру негіздері, халық денсаулығының статистикасы, денсаулық сақтаудың критерийлері мен көрсеткіштері.


Онколог-маммолог дәрігер
Біліктілікке қойылатын талаптар
Жоғары медициналық білімі, клиникалық практикаға жіберу үшін тиісті мамандық бойынша маман сертификаты, онкологиялық өспелердің болуына күдік бар пациенттерді амбулаториялық қабылдау тәжірибесі, тексеру.
Қосымша талаптар
Біліктілік санатының болуы, диспансерлік пациенттерді жүргізуі, диагностика және емдеу хаттамаларын білуі құпталады.
Білуі тиіс
Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасының заңдары, денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілер, еңбекке уақытша жарамсыздық сараптамасы және медициналық-әлеуметтік сараптама негіздері, аурулардың халықаралық және отандық жіктелімінің негіздері; медициналық сақтандыру негіздері, халық денсаулығының статистикасы, денсаулық сақтау өлшемдері мен көрсеткіштері, еңбек заңнамасы, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормаларын.


Мейірбике
Біліктілікке қойылатын талаптар
2003 жылғы 11 ақпанға дейін осы лауазымға кіріскен тұлғалар үшін «Мейіргер ісі» (немесе «Емдеу ісі», «Акушерлік іс» мамандығы бойынша, «Мейіргер ісі» немесе «Емдеу ісі» мамандығы бойынша, сондай-ақ «Зертханалық диагностика», «Фельдшер-зертханашы», «Гигиена, санитария және эпидемиология», «Санитариялық фельдшер», «Стоматология», «Тіс дәрігері» мамандығы бойынша орта-арнайы, орта-кәсіптік медициналық білімі, тиісті мамандық бойынша қайта даярлау, орта білімнен кейінгі «Мейіргер ісі» (қолданбалы бакалавриат) мамандығы бойынша немесе «Емдеу ісі», «Педиатрия» мамандығы бойынша жоғары медициналық білім, «Жалпы медицина», «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша бакалавриат және біліктілігі орташа деңгейдегі маман сертификаты, жұмыс өтіліне талап қойылмайды. 
Қосымша талаптар         
Біліктілік санатының болғаны құпталады.




Аурухана серіктестері