Травматология және ортопедия
ТРАВМАТОЛОГИЯ ЖӘНЕ ОРТОПЕДИЯ: ЖЫЛДАМЫРАҚ, АЗЫРАҚ, КҮШТІРЕК
ТРАВМАТОЛОГИЯ ЖӘНЕ ОРТОПЕДИЯДАҒЫ АЗ ИНВАЗИЯЛЫҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Хирург барлық манипуляцияны ұзындығы 5 миллиметр болатын екі тілік арқылы ғана жүзеге асыратын операцияны елестете аласыз ба? Бүгінгі таңда медицина емдеу мен диагностика саласындағы өз шекараларын кеңейтіп қана қоймай, сонымен қатар оны әдемі жасауға ұмтылуда: осылайша, пациенттің денесінде белгілі бір манипуляцияларды орындағаннан кейін іздер мен тыртықтар қалмайды, ал қалпына келтіру әлдеқайда жылдам жүреді. Мұндай операцияларды кәсіби тілде «аз инвазиялық» деп те атайды. Бүгінде олар хирургияның көптеген салаларында, соның ішінде Президенттік клиникадағы ортопедия мен травматологияда да орындалуда.
ПРЕЗИДЕНТТІК КЛИНИКАНЫҢ ТРАВМАТОЛОГИЯ ЖӘНЕ ОРТОПЕДИЯСЫ ҚАНДАЙ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ҰСЫНАДЫ?
Аурухананың травматолог-ортопедтері жарақаттары бар және буындары ауыратын пациенттерге 30-дан аса түрлі операцияларды орындайды:
- тізе буынын эндопротездеу, жамбас буынын эндопротездеу;
- тізе буынын артроскопиялық тексеру;
- артроскопиялық емдеу: менискілердің, тізенің айқыш байламдарының жарақаты, карпаль каналы синдромын емдеу;
- иық буынының ойнамалы шығуы кезінде иықты, буын сіңірінің жарақаты, тізе буынын деформацияға ұшырататын артроз, тізетобықтың тұрақсыздығы (буынның таюы) кезінде артроскопиялық тұрақтандыру;
- ахилов сіңірінің үзілуін емдеу;
- аяқтарды ұзарту және аяқтың қисықтығын түзету;
- аяқтағы бірінші саусақтың вальгустық деформациясын емдеу (үлкен саусақтағы «сүйек», «түйін»);
- жоғары, төменгі аяқ-қолдардың сынығын, бұғананың сынығын/шығып кетуін емдеу;
- метал құрастырылымдарын алу;
- тобықбуынын артродездеу;
- қол жарақатының салдарын емдеу.
ДОКТОРЛАР ҚАНДАЙ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНАДЫ?
Травматология және ортопедиядағы жеңілдеу және аз инвазиялық технологиялардың бірі артроскопия болып табылады. «Артро» дегеніміз – буын, скопия – қарап-тексеру, яғни манипуляцияның атауын «буынды бейне камераның көмегімен тексеру» деп аударуға болады.
Президенттік клиниканың докторлары артроскопияны тізе, иық және жамбас буындарына орындайды. Бұл операциялар буынға ұзындығы жарты сантиметр кішкентай тесіктер арқылы жасалады. Дәрігерлер бейне камераны (артроскоп) енгізеді, бұл оларға буындардың барлық бөлімдерін қарауға және өткізуге көмектеседі.
Артроскопиялық операциялар жетекші әлемдік өндірушілердің эндоскопиялық жабдықтарында («Karl Storz», «Karl Zeiss» Germany), электронды-оптикалық түрлендіргіштерде («Siemens» Germany) жүргізіледі, ірі буындарды алмастыру және сүйектердің сынуы кезінде метал-стеосинтездеу үшін медициналық мақсаттағы бұйымдар қолданылады («DePuy J&J» USA; «Medtronic» USA; «Stryker» USA; «B.Braun-Aesculap» Germany).
БІЗГЕ НЕ ҮШІН ЖҮГІНУ ҚАЖЕТ?
Біздің Ауруханада пациентке емдеуді ғана емес, сондай-ақ операциядан кейін оның қалыпты өмірге тезірек оралуын және манипуляциядан жақсы нәтиже алуды ұсынамыз. Бұл үшін біздің бөлімше (травматология, ортопедия және көз микрохирургиясы) Президенттік клиниканың Қалпына келтіру емі және оңалту орталығымен тығыз жұмыс істейді, ол жерде біздің пациенттеріміз физиотерапевтердің, емдік дене шынықтыру дәрігерлерінің қызметтеріне жүгіне алады, сондай-ақ Ауруханадан шықпай, қалалық сауықтыру кешенінде қалпына келтіру емшараларын қабылдау мүмкіндігіне ие болады. Осылайша, біз тек операцияны сапалы жасап қана қоймай, сондай-ақ пациенттің аяғына жылдам тұрып кетуі үшін кешенді қалпына келтіру қызметін ұсынамыз.