Робот-ассисттелген хирургия

РОБОТ-АССИСТТЕЛГЕН ХИРУРГИЯ: ЖЫЛДАМЫРАҚ, ЖЕҢІЛІРЕК, НАҚТЫРАҚ

 РОБОТТАНДЫРЫЛҒАН ОПЕРАЦИЯЛЫҚ БӨЛМЕ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Роботтандырылған операциялық бөлме – бұл урология, гинекология және жалпы хирургиядағы заманауи, ең тиімді хирургиялық емдеу әдісі. Лапароскопиялық хирургияның артықшылықтарын сақтай отырып (ішкі мүшелерге пациенттің денесіндегі кішкентай тесіктер арқылы операция жасау), робот-ассисттелген хирургия көптеген қосымша артықшылықтарға ие.

1. Операция алаңын үш өлшемде бақылау және операция жасалынатын органның суретін бірнеше рет ұлғайту.

2. Хирургтың қолының дірілін толық жою.

3. Үлкен тілік жасаудың қажетсіздігі және пациентті тез қалпына келтіру кезеңі.

4. Жұқтырудың немесе қан жоғалтудың ең аз тәуекелдері, оның салдарынан пациенттің стационарда болуының қысқаруы; операциядан кейін қатты ауырсыну сезімінің болмауы.

 

РОБОТ-АССИСТТЕЛГЕН ҚОНДЫРҒЫНЫҢ КӨМЕГІМЕН ҚАНДАЙ ОПЕРАЦИЯЛАР ЖАСАЛАДЫ?

Президенттік клиниканың дәрігерлері Senhance клиникалық роботымен урологиялық (кистэктомия), жалпы хирургиялық (холецистэктомия), гинекологиялық (цистэктомия) операциялар жасайды.

 

 ОПЕРАЦИЯНЫ КІМ ОРЫНДАЙДЫ?

Роботтандырылған хирургиядағы операцияларды робот жасайды деген жаңсық көзқарас. Ол – хирургтың жұмысын дәл және тиімді орындау құралы ғана. Доктор бұл кезде ыңғайлы жұмыс консолінде отырып, роботтың құралдарын басқарады. Жүйе дәрігерге барынша ыңғайлы жағдайда, арнайы креслода отырып,  1 мм дейінгі жоғары дәлдікпен қимыл жасап,  операцияларды орындауға көмектеседі.

Өткен жылдың қазан айынан бастап Президенттік клиниканың докторлары үш бағыт бойынша – гинекология, жалпы хирургия және урология, роботтандырылған қондырғыда жүз елуден астам операция жасады.

Робот-ассисттелген қондырғыда жұмыс істейтін барлық мамандар Миланда (Италия) орналасқан TransEnterix Senhance штаб-пәтерінде роботтандырылған хирургия білім беру орталығында оқыды. Олармен толығырақ мына жерде таныса аласыздар:

 

 ШАҚЫРЫЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САРАПШЫЛАР

Роботтандырылған хирургия бағдарламасының консультанттары есімдері әлемге танымал докторлар, олар – Нью-Йорктегі Lenox Hill госпиталінің дәрігер-урологы, ол әлемдегі алғашқылардың бірі болып робот-ассисттелген қондырғы көмегімен операция жасай бастады, доктор Дэвид Самади итальялық Пескара қаласындағы университеттік клиниканың профессоры, сондай-ақ, Миландағы роботтандырылған хирургия бойынша тренингтік орталықтың консультанты, доктор Стэфано Джидаро. Шақырылған мамандар әр екі ай сайын ауруханаға шеберлік-кластар өткізу және Президенттік клиниканың жетекші докторларымен бірге операциялар жүргізу үшін келеді.

 

 НЕЛІКТЕН БІЗГЕ ЖҮГІНУ ҚАЖЕТ?

Президенттік клиника – Joint Commission International (JCI) аккредитациясын алған Орталық Азия аумағындағы бірнеше ауруханалардың бірі. JCI аккредитациясы медициналық қызмет көрсету сапасының, пациенттің қауіпсіздігінің, әлемдегі емдеудің дұрыс және заманауи әдістерін қолданудың ең жоғарғы көрсеткіші болып табылады.

Роботтандырылған хирургия сияқты жас және прогрессивті медицина саласында біздің қызметімізді ұсына отырып, біз аурухананың үздік мамандары орындайтын косметикалық әсермен жасалатын жеңіл операцияларға, жылдам оңалтуға және қалыпты өмірге сапалы оралуға кепілдік береміз.