Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90

Емхананың күндізгі стационары

Бөлімше туралы
Күндізгі стационар бөлімшесі ҚР ПІБ МО ауруханасының құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Күндізгі стационар бөлімшесі ҚР ПІБ МОА В2 блогында, 2 қабатта орналасқан. Жалпы ауданы 669,48 ш.м. Бөлімше 16 төсекке арналған, жұмыс күндері сағат 08.00-ден 20.00-ге дейін екі жарым ауысымда, сенбі күні сағат 08.00-ден 14.00-ге дейін жұмыс істейді, сондай-ақ мереке күндері сағат 08.00-ден 14.00-ге дейін кезекшілік ұйымдастырылды.

Бөлімше қызметтері
Тәулік бойы бақылауды талап етпейтін науқастарға, сондай-ақ тәулік бойы стационардан шығарылған және қалпына келтіру емін қажет ететін науқастарға емдік, профилактикалық және оңалту іс-шараларын жүргізуге арналған. Бөлімшеде әртүрлі терапиялық патологиясы бар пациенттер, сондай-ақ бейінді мамандардың жолдамасы бойынша емделушілер, соның ішінде ақылы пациенттер емделеді. Күндізгі стационарға жолдаманы бөлімше меңгерушілерімен бірге тексергеннен кейін учаскелік дәрігерлер немесе тар шеңберлі мамандар береді. Қарау кезінде пациентті күндізгі стационарға жіберу туралы шешім қабылданады. Пациенттің бөлімшеде болуы 5-тен 8 күнге дейін. Емдеу курсын аяқтағаннан кейін емдеуші дәрігер учаскелік дәрігерге берілетін ұсыныстармен үзінді жасайды, осылайша осы пациентті емдеуде сабақтастық жүзеге асырылады.

Бөлімше дәрігерлері         

Смаилова АА.jpgСмаилова Акерке Абдылхасеновна       
Бөлімше меңгерушісі
Жоғары санатты дәрігер
Еңбек өтілі 21 жыл














Нурланова ДН.jpgНурланова Динара Нурланкызы  
Дәрігер-терапевт         
Жоғары санатты дәрігер
Еңбек өтілі 14 жыл         














Шамаева ГТ.jpgШамаева Газиза Тулегеновна        
Дәрігер-терапевт         
Бірінші санатты дәрігер
Еңбек өтілі 7 жыл        


Аурухана серіктестері