+7(7172) 70-80-90

Стратегиялық және инновациялық даму бөлімі

Стратегиялық және инновациялық даму бөлімі «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» РМК құрылымдық бөлімшесі ретінде 2015 жылғы сәуірден бастап жұмыс істейді. 

Бөлімнің негізгі мақсаты: қауіпсіздікті және клиникалық-экономикалық тиімділікті бағалау (денсаулық сақтау технологияларын госпитальдық бағалау) негізінде республиканың практикалық денсаулық сақтау саласына жаңа әдістемелер мен технологияларды (инновацияларды) тасымалдау және енгізуге жәрдемдесу болып табылады. 

Бөлімнің негізгі міндеттері:
1) қазіргі заманғы медицина ғылымы мен техникасының жетістіктерін ескере отырып, трансфертті әдістемелік және әдіснамалық сүйемелдеу және Аурухана практикасына жаңа технологияларды енгізу;
2) кейіннен Аурухана практикасына енгізу үшін клиникалық тиімділікті, қауіпсіздікті және экономикалық орындылықты ескере отырып, дәлелді медицина қағидаттары негізінде медициналық технологияларды бағалауды және іріктеуді жүргізу;
3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің клиникалық хаттамаларын әзірлеу/ қайта қарау жөніндегі іс-шараларды жүргізуді, ТМККК есебінен және МӘМС жүйесінде өтелетін технологиялар тізбесіне (ММК, ЖТМК, медициналық қызметтер тарификаторы) енгізуге өтінімдерді қалыптастыруды және беруді қамтитын республиканың практикалық денсаулық сақтауына енгізілген медициналық технологиялар трансферті;
4) мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жоғары технологиялық медициналық көмек (ЖТМК) жүргізуге рұқсат алуға өтінімдерді қалыптастыру және беру;
5) Аурухананы дамыту Стратегиясын және стратегияны іске асыру жоспарын әзірлеуді және бекітуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
6) ҚР ПІБ Медициналық орталығының ведомстволық қарасты ұйымдарындағы инновациялық қызметті үйлестіру. 

Бөлімнің кадрлық құрамы:
1. Авдеев Андрей - Стратегиялық және инновациялық даму бөлімінің бастығы, философия ғылымдарының докторы (PhD), 40-тан астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде халықаралық рецензияланаты журналдарда жарияланған мақалалардың авторы. Денсаулық сақтаудағы технологияларды бағалау жөніндегі Халықаралық қоғамның (HTAi) және фармакоэкономика және клиникалық нәтижелер саласындағы зерттеулер жөніндегі Халықаралық қоғамның (ISPOR) мүшесі болып табылады.
2. Ахмедуллин Руслан – жетекші маман, экономика және бизнес бакалавры.
3. Океш Махаббат – маман, мамандығы - жалпы хирург дәрігер.
4. АймановаТаншолпан – маман, биотехнология магистрі.
5. Бариева Гульзада – маман, MPH. 
6. Ахметова Макпал – маман, MPH. 


ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ГОСПИТАЛЬДЫҚ БАҒАЛАУ ОРТАЛЫҒЫ (ДСТБ) 

Бөлім базасында құрылған Денсаулық сақтау технологияларын госпитальдық бағалау орталығы (ДСТБ) жеке медициналық ұйым деңгейінде медициналық технологияларды (Денсаулық сақтау технологияларын) бағалау жүйесін енгізу мен пайдаланудың Қазақстандағы алғашқы үлгісі болып табылады. 

Орталық қызметкерлері тұрақты негізде ғылыми-негізделген басқару шешімдерін қабылдау үшін госпитальдық ДСТБ жүйесін енгізу және пайдаланудағы өз тәжірибесінің нәтижелерін жариялап отырады:
- Денсаулық сақтау технологияларын госпитальдық бағалау бойынша есептердің деректер базасы
- Госпитальдық ДСТБ саласындағы Орталықтың ғылыми және әдістемелік қызметінің негізгі нәтижелері

Госпитальдық ДСТБ орталығы келесі халықаралық ұйымдармен жұмыс істейді:
- Денсаулық сақтау технологияларын бағалау жөніндегі халықаралық қоғам (Health TechnologyАssessmentinternational, HTAi, https://htai.org/), мұнда ҚР ПІБ МО Ауруханасы госпитальдық ДСТБ бойынша жұмыс тобының мүшесі болып табылады
- Денсаулық сақтаудағы технологияларды бағалау жөніндегі мамандар қауымдастығы (Ресей Федерациясы), http://htaa.ru/

Госпитальдық ДСТБ орталығы өз қызметі шеңберінде денсаулық сақтау ұйымдарымен, кәсіби қауымдастықтармен, өндіруші компаниялармен және дистрибьюторлармен мынадай бағыттар бойынша ынтымақтастық орнатуға дайын:
- Республиканың практикалық денсаулық сақтау саласына жаңа технологиялар трансферті және енгізу;
- ҚР ПІБ МО Ауруханасы базасында жаңа технологияларды апробациялау;
- Практикаға әртүрлі медициналық технологияларды (медициналық жабдықтар, медициналық мақсаттағы аспаптар мен бұйымдар, дәрілік заттар мен биологиялық белсенді қоспалар, клиникалық және диагностикалық рәсімдер, IT технологиялар) енгізудің орындылығына клиникалық-экономикалық (оның ішінде фармакоэкономикалық) талдау жүргізу;
- Медициналық технологияларға госпитальдық бағалау жүргізу. 

Байланыс деректері:
Мекенжайы: Нұр-Сұлтан қ-сы, Е-495 к-сі, 2-құрылыс, F блогы, 3 қабат, 42-кабинет.
Телефоны: +7-7172-70-79-58
E-mail: hbhtakz@gmail.com