Госпитальдық сервис бөлімі
Госпитальдық сервис бөлімі штаттық саны 31 адам және штаттан тыс 4 қызметкері бар "Қазақстан Республикасы Президентінiң Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы" ШЖҚ РМК әкімшілік-шаруашылық қызмет орталығының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Бөлім құрылымында госпитальдық сервис бөлімінің медициналық қалдықтарды жинау, сақтау және кәдеге жарату секторы жұмыс істейді.
Госпитальдық сервис бөлімінің негізгі міндеттері:
-
Медициналық қызметті алу кезеңдерінде келушінің ыңғайлылығын, жайлылығын қамтамасыз ету үшін іс-шаралар кешенін ұйымдастыру;
-
Аурухананың қызметтік үй-жайларында тәртіп пен тазалықты ұйымдастыру және сүйемелдеу;
-
Оңтайлы микроклиматты, жарық жайлылығымен, қызметтік үй-жайлардың жеткілікті инсоляциялық режимімен қамтамасыз ету;
-
Бөлімде бар техникалық жабдықтарды ұтымды және тиімді пайдалану, олардың дұрыс пайдаланылуын, сақталуын және оларға тиісті техникалық күтім жасауды қамтамасыз ету;
-
«Б», «В», «Г», «Д» тобындағы медициналық қалдықтарды кәдеге жаратуды ұйымдастыру;
-
пациенттер, келушілер және аурухана қызметкерлері үшін қолайлы жағдай жасау және ұйымдастыру;
-
бөлме гүлдерін күтуді қамтамасыз ету;
-
Аурухана F блогы әкімшілігінің қызметкерлерін шаруашылық, жұмсақ және қатты құрал-саймандармен, арнайы киіммен (халаттар, костюмдер), гигиена заттарымен, жуу және дезинфекциялау құралдарымен, кеңсе керек-жарақтарымен, ауыз сумен қамтамасыз ету;
-
Аурухананың мәдени-бұқаралық іс-шараларына қатысу және көмек көрсету;
-
Ауруханада туындаған апаттық жағдайлар бойынша жедел шешімдер қабылдау;
-
Госпитальдық қызмет көрсету мәселелері бойынша бөлім әзірлейтін құжаттаманы уақытылы жасау, келісу және бекіту;
-
Госпитальдық сервисті қамтамасыз ету үшін озық әдістерді, құралдарды, техникалық жабдықтарды игеру және практикаға енгізу;
-
Халыққа қызмет көрсетудің ұйымдық нысандары мен әдістерін дамыту және жетілдіру, жұмыстың сапасы мен мәдениетін арттыру;
-
Сапа менеджменті жүйесін енгізу және жұмыс істеп тұрған жағдайда сүйемелдеу.
Госпитальдық сервис бөлімінің негізгі функциялары
-
қызметтік үй-жайларды уақытылы және сапалы тазалау, F блогының әкімшілігінде, алты қабатты баспалдақтар мен баспалдақ алаңдарының атриумдары мен аймақтарында, соның ішінде А1, А2, А3 блоктарының цоколінде, А1 блогының кабинеттері мен қызметтік үй-жайларында, А1, А2, А3, Д1, С1, В1, В2 блоктарының техникалық қабаттарында, Е блогының галереясында, G блогының гаражында, Н блогында, бақылау-өткізу пункттерінде (БӨП);
-
қызметтік үй-жайларда жүйелі түрде күні бойы машинамен және қолмен жинау;
-
F блогының қызметтік үй-жайларының кілем жабындарын Күнделікті тазалау;
-
қызметтік үй-жайларды жоспарлы ағымдағы және жалпы жинауды жүргізу;
-
Аурухананың жұмсақ және кеңсе жиһазының сақталуын бақылау;
-
бөлме гүлдерін уақытында күту (суару, жапырақтарды сүрту, қоректендіру және өңдеу, қайта отырғызу);
-
"А" тобындағы қалдықтарды күнделікті шығару;
-
"Б", "В", "Д" топты медициналық қалдықтарды күн сайын кәдеге жарату (сызбаға сәйкес);
-
"Г" тобындағы қалдықтарды сақтау»;
-
келушілерге арналған гардеробтардың маусымдық жұмысын қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
-
аурухананың басқа құрылымдық бөлімшелерімен және медициналық ұйымдармен өзара байланыс және сабақтастық;
-
санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу, салауатты өмір салтын насихаттау және Бөлім қызметкерлерін гигиеналық тәрбиелеу.
Біздің байланысымыз: Нұр-сұлтан қ-сы, Мәңгілік Ел даңғ., 80, F блок, №5 кабинет.
Телефондар: 8(7172) 70-78-97, 70-72-75, 70-72-22, 70-72-77, 70-78-96, 70-72-21.