Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Нейрохирургия туралы

БІЗ ТУРАЛЫ

Неліктен адамдар Президенттік клиникадағы нейрохирургияны таңдайды!

Мұнда пациентке бағдарланған команда жұмыс істейді, ең үздік заманауи техникалық жабдықтар, кеңейтілген нейрохирургиялық құралдар бар, кез келген адамға қамқорлық көрсете отырып, бірлескен мінсіз күтім көрсетіледі.

Президенттік аурухананың нейрохирургиялық командасы келесі мамандықтағы дәрігерлерден құралған: невролог, эпилептолог, нейрорадиолог, нейроанестезиолог, нейрохирург, нейрореабилитолог.

Әр клиентке жеке көңіл бөлу дәрігерлік көмектің барлық кезеңдерінде – кардиохирургиялық диагностика, нейрохирургиялық операция, операциядан кейінгі дербестендірілген бағдарламалау және нейрореабилитация кезінде де көрсетіледі.

Топтық жұмыс нейрохирургиялық күрделі мәселелерді шешуде, мысалы, қол жетпейтін ісіктер мен мидың күрделі аневризмалары, фармакорезистентті эпилепсия және Паркинсон ауруы сияқты ауруларды емдеуде барынша тиімділікке қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Миға және омыртқаға жасалатын операциялар кезінде пациенттің өзінің қосалқы ауруларына байланысты асқыну қаупі жоғары болуы мүмкін. Жедел дайындау, қауіпті бағалау және барлық мамандықтағы дәрігерлердің операция барысындағы қолдауы - біздің көпсалалы ауруханамыздың басты артықшылығы болып табылады.

Пациент, оның туыстары мен нейрохирургиялық топ дәрігерлерінің арасындағы өзара қарым-қатынас қазіргі қарқынды даму толқынында. Мысалы, операцияның алдында көрнекі және жақсы түсіну үшін нейрохирург арнайы компьютерлік қосымшалардың көмегімен процедураның ерекшеліктерін, мүмкін болатын асқынулар мен шешімдерді талқылай алады.

«Пациенттің мұқтаждығы бәрінен бұрын» деген қағиданы ұстану Аурухананың сервисін үнемі жаңа деңгейге көтереді, Аурухана Сіздің мұқтаждығыңызды дұрыс шешуге барлық күш-жігерін жұмсайды.



Аурухана серіктестері