Маркетинг және жарнама бөлімі
Маркетинг және жарнама бөлімі "ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасы" РМК құрылымдық бөлімшесі болып табылады
Маркетинг және жарнама бөлімінің негізгі міндеттері
-
Жарнамалық қызметті ұйымдастыру
-
Жарнамалық бағыт бойынша аурухана кәсіпорнының жұмысы
-
Жұртшылықпен байланысты қалыптастыру және қолдау бойынша іс-шараларды әзірлеу
-
Маркетингтің жарнамалық және сервистік стратегиясын қалыптастыру арқылы нарықтық мінез-құлықтың стратегиясы мен тактикасын әзірлеу
-
Нарық пен бәсекелес қызметтерді талдау, баға мен сапа арақатынасын ескере отырып, кәсіпорынның медициналық қызметтерінің бағасын қалыптастыру
-
Маркетинг және жарнама қызметінде сапа менеджменті жүйесін енгізу және жұмыс істеп тұрған жағдайда қолдау
Маркетинг және жарнама бөлімінің негізгі функциялары
-
Өткізу нарығында жылжыту мақсатында аурухананың көрсетілетін қызметтерін жарнамалау бойынша жұмысты ұйымдастыру, аурухана қызметі сапасының артықшылықтары туралы халықты хабардар ету
-
Перспективалық бағыттарға негізделген жарнамалық стратегияны қалыптастыру
-
Аурухананың медициналық қызметтерін жүзеге асыру мақсатында өткізу нарығын және сұранысты зерттеу
-
Іскер серіктестермен байланысты ұйымдастыру, қажетті ақпаратты жинау жүйесі және сыртқы байланыстарды кеңейту
-
Көрсетілетін қызметтерге сұраныстың уәждемесін талдау
-
Пациенттердің қажеттіліктерін зерделеуді ұйымдастыру және жарнамалық науқандарды өткізу бағытын анықтау
-
Аурухананың жеке полиграфиялық өнімдерін шығару