Сапаны басқару және ауруханаішілік аудит бөлімі

Сапаны басқару және медициналық көмек сапасының ауруханаішілік аудиті қызметі (бұдан әрі – СБ және АА) Ауруханада медициналық көмек сапасын басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын Аурухананың дербес құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

СБ және АА негізгі міндеттері:

1) медициналық көмектің сапасын басқару бойынша Аурухананың қызметін үйлестіру;

2) пациенттің сұраулары мен үміттерін қанағаттандыруға бағдарлану;

3) көрсетілетін медициналық көмектің жоғары сапасына бағытталуы;

4) пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және медициналық қызметтерді көрсетудегі ақауларды азайту;

5) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету тәртібін, пациент пен отбасы құқықтарын сақтау;

6) Қазақстан Республикасы заңнамасының, нормативтік-құқықтық актілердің және денсаулық сақтау саласындағы талаптарды сақтау;

7) әрбір қызметкердің медициналық көмектің сапасын және пациенттердің қауіпсіздігін үздіксіз арттыру үрдісіне қатысуын ынталандыру;

8) медициналық қызметтердің сапасы және пациенттердің қауіпсіздігі саласындағы міндеттер мен проблемаларды шешуге жүйелі көзқарас.

Егер, сіз медициналық көмек көрсету тәртібі мен сапасына байланысты проблемаларға тап болсаңыз, Сапаны басқару және ауруханаішілік аудит бөліміне хабарласыңыз. Бөлім сарапшылары Сіздің өтінішіңізге жедел жауап береді және мәселені Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес шешуге көмектеседі.

Сіз өзіңіздің жазбаша өтінішіңізді бірінші қабатта кіре берістегі және тіркеу орнында орналасқан «Шағымдар мен ұсыныстар» жәшігінде қалдыра аласыз.

Біз Сізге Ауруханада медициналық көмек көрсету сапасын жақсартуға көмектесетін сіздің өтініштеріңіз, пікірлер мен тілектеріңіз үшін ризашылығымызды білдіреміз.


СБ және ААБ қызметкерлерінің құрамы:

Султанбекова Б.М.1. Сұлтанбекова Бибігүл Малғаждарқызы – қызмет меңгерушісі, PhD докторы, "Қоғамдық денсаулық сақтау, әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру" мамандығы бойынша жоғары санатты дәрігер;

2. Намаева Қарлыгаш Әбдімәлікқызы – аға дәрігер-сарапшы, «Жалпы хирургия» мамандығы бойынша бірінші санатты дәрігер;

3. Бекенова Бақыт Садыққызы – дәрігер-сарапшы, жоғары санатты денсаулық сақтауды ұйымдастырушы, жоғары санатты дәрігер-нефролог;

4. Дорбабаев Алтай Ерғалиұлы - дәрігер-сарапшы, жоғары санатты денсаулық сақтауды ұйымдастырушы.

5. Абдрахманов Ерик Серикович – дәрігер-сарапшы, «Эпидемиология» мамандығы бойынша жоғары санатты дәрігер;

6. Еникеев Абдрахим Абдрахманович – дәрігер-сарапшы;

7. Естияр Жанна Айдаргалиевна – аға менеджер, «Эпидемиология» мамандығы бойынша жоғары санатты дәрігер;

8. Ислямгалиева Зина Хамитовна – дәрігер-сарапшы, «Қоғамдық денсаулық сақтау, әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру» мамандығы бойынша жоғары санатты дәрігер;

9. Фурсова Людмила Матвеевна – мейірбике, «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша жоғары біліктілік санаты;

10. Жилкибаева Арай Бейсеновна – денсаулық сақтау менеджері, «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша екінші біліктілік санаты;

11. Шиганбаева Сауле Ахметовна – денсаулық сақтау менеджері, «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша екінші біліктілік санаты.

 

Біздің байланыс құралдарымыз: Нұр-сұлтан қ-сы, Мәңгілік Ел даңғ., 80, F блок, 3-қабат, каб.53. 

Телефоны: 8(7172) 70-79-69.

Төмендегі электрондық адреске Аурухана жұмысына қатысты Өзіңіздің шағымдар мен ұсыныстарыңызды қалдыра аласыз: kense@bmc.mcudp.kz.