Халықаралық қатынастар бөлімі
Халықаралық қатынастар бөлімі - Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы ауруханасының (Аурухана) құрылымдық бөлімшесі. Бөлім медициналық туризмді, халықаралық ынтымақтастықты және шетелдік медициналық ұйымдармен серіктестікті дамытады.
Бұл саладағы басты мақсат - диагностика, емдеу және оңалту, әлемдік медициналық жүйеге интеграциялау саласында кәсіпорынды халықаралық деңгейге шығару.
Бөлімнің басты міндеттері:
Қазақстанда тұратын және жұмыс істейтін шетел азаматтарының шарттық және ақылы негізде, сондай-ақ халықаралық сақтандыру компанияларымен өзара есеп айырысу арқылы емделуін ұйымдастыру;
медициналық туризмді дамыту. Жақын және алыс шетелден медициналық туристердің келіп, емделуін ұйымдастыру;
шетелдік медициналық ұйымдармен және стратегиялық серіктестермен, халықаралық медициналық туризмнің қауымдастығымен ынтымақтастық құру (Аурухана - халықаралық медициналық туризм қауымдастығының мүшесі, MTA USA, АҚШ);
халықаралық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
Іскерлік кездесулерді ұйымдастыру, делегацияларды қабылдау, аурухана бойынша турлар өткізу;
медициналық туризм бойынша халықаралық көрмелер мен конференцияларды өткізуге жәрдемдесу және қатысу;
материалдарды шет тілінде басып шығару үшін дайындау.
Бөлім қызметкерлері ағылшын, неміс, француз тілдерінде сөйлейді.
Халықаралық бөлім Ауруханада шетелдік пациенттердің емделуін оңтайлы ұйымдастырады және төмендегі қызметтерді ұсынады:
3 жұмыс күні ішінде Сіздің өтініштеріңізді жылдам өңдеу;
қарап-тексеру немесе емдеудің жеке бағдарламасын жасау;
мамандардың қабылдауын және консультациясын ұйымдастыру;
құнның/инвойстың алдын ала есебін дайындау;
визаға медициналық шақыруды тіркеу;
қонақ үйді брондау;
әуежай-клиникадан/қонақ үй-әуежайдан трансферт ұйымдастыру;
ұйымдастырушылық және әкімшілік мәселелерді шешу;
орыс/ағылшын тілінде медициналық құжаттарды беру.
Бөлімнің байланыс телефондары:
+7 7172 70 79 97
+7 7172 70 79 98
+7 7172 70 78 80 (ішкі 7113)
e-mail.: international@bmc.mcudp.kz
Жұмыс уақыты дүйсенбі-жұма күндері сағат 9: 00-ден 18: 00-ге дейін
F блок, 3-қабат, 54-каб.