Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Сурет байқауының жеңімпаздары анықталды

  23.06.2022

Президенттік клиникада Медицина қызметкерлері күніне арналған балалар суреттер байқауы қорытындыланды. Байқау Аурухана кәсіподағы мен бас тәлімгердің қолдауымен өтті.

Байқаудың негізгі мақсаты – балалардың ата-ана мамандығына деген қызығушылығын ояту, өскелең ұрпақтың шығармашылық әлеуетін дамытуға ықпал ету, дарынды балаларға қолдау таныту. Қазылар алқасы мен  ұйымдастырушылардың пікірінше, ең үздік жұмыстарды анықтау оңайға соқпаған. Барлық жұмыстар қызықты, шын көңілмен орындалған.


Байқау жұмыстары үш жас тобы бойынша қорытындыланды. Жүлделі орындар келесідей:

7 жасқа дейін:

Ясмин, 6 жас

Ныгметуллина Алия, 6 жас

7 жастан 10 жасқа дейін:

Алиев Анеля, 9 жас

Сахи Меруерт, 9 жас

11 жастан жоғары:

Абуова Юранай, 13 жас

Абуова Айша, 14 жас

Ильясова Сауле, 11 жас

Умбет Адель, 15 жас


Байқау жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ, 30-дан астам бала ынталандыру сыйлықтарына ие болды.

Аурухана серіктестері