Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Жанар Ибраева «Антибиотикке резистенттілік– денсаулық сақтау саласындағы қиындықтар»республикалық ғылыми-практикалықконференциясында сөз сөйледі

  26.05.2022

Жанар Ибраева «Көпсалалы стационардағыантибиотикке резистенттілік проблемасынамультисалалық көзқарас» тақырыбында баяндамаоқыды.

Микробқа қарсы препараттарға резистенттілік(көнбейтіндік) барлық жас топтарындағыадамдардың өлім-жітіміне, материалдық және еңбек ресурсын жұмсауға, денсаулық сақтау бағдарламалары тиімділігінің төмендеуіне әкеліпсоғады.

Мәселен, қазір әлемде антибиотиктерге төзімді бактериялар тудыратын инфекциялардан 700 мыңға жуық адам қайтыс болса, 2050 жылға қарай бұл көрсеткіш 10 миллионға дейін өседі деп болжануда.

Антибиотиктерге төзімділік – бүгінде адамзат денсаулығына, азық-түлік қауіпсіздігіне және дамуына төнетін ең үлкен қауіптердің бірі.

Антибиотиктерге төзімділік – кез-келген елдегіжәне кез-келген жастағы адамға әсер етуі мүмкін.

Антибиотиктерге төзімділік – бұл табиғи құбылыс, бірақ адамдардың антибиотиктерді дұрыс қолданбауы және оларды жануарларға дұрыс енгізбеуі бұл үдерісті тездетеді.

Антибиотиктердің тиімділігінің төмендеуіне байланысты сепсис, пневмония, туберкулез, гонорея және сальмонеллез сияқты жұқпалыауруларды емдеу қиынға соғады.

Антибиотиктерге төзімділіктің салдары – ұзақуақыт госпитализациялау, науқасты емдеуге медициналық шығындардың артуы және өлім-жітімнің өсуі.


Аурухана серіктестері