Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Президенттік клиникада алғашқы түлектер резидентураны бітіргені туралы куәлік алды

  11.08.2021

2021 жылдың 11 тамыз күні Президенттік клиникада «Радиология (Сәулелік диагностика)» білім беру бағдарламасы бойынша резидентураны бітіргені туралы алғашқы түлектер куәлік алды.
Олжас Айтжан, Ғалымжан Тулендибаев, Тохиржан Тушпулатов біздің клиникада 2019 жылдан бастап медицина ғылымдарының докторы, диагностика орталығының жетекшісі Айгүл Садуақасованың жетекшілігімен білім алды.
Айта кету керек, сәулелік диагностика ішкі ағзаларды анық визуализациялау принципіне негізделген, бұл дәрігерлерге органдардың құрылымын (олардың контурлары, патологиялық ісіктерді, қабыну белгілерін және бөгде заттарды) егжей-тегжейлі зерттеуге және әрі қарай жеке емдеу жоспарын тағайындау үшін пациенттің сырқатының нақты себебін анықтауға мүмкіндік береді.
Түлектерімізді тағы бір өмірлік шыңды бағындыруымен құттықтаймыз және оларға алдағы уақытта да табыс тілейміз!


236883012_1774393402769865_8399764980389335418_n.jpg


Аурухана серіктестері