Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Жаз мезгілінде бет терісінің күтіміне арналған 5 кеңес

  22.07.2021
Бүгін біз Президенттік клиниканың дерматолог-косметологы Алтын Ержанованың жаз мезгілінде тері күтіміне арналған 5 кеңесімен бөлісетін боламыз.
  1. Күн сәулесінен қорғау. Бұл тері күтіміндегі ең бірінші және негізгі фактор болып табылады. Әрқашан SPF, UVA +++ немесе ++++ немесе Blue Light қорғаныс деңгейі жоғары күннен қорғайтын кремдерді жағып жүріңіз.
  2. Ылғалдандыру. Жазда майлы емес гель тәрізді кремді немесе құрамында Е дәрумені бар, су негізіндегі ылғалдандырғыш кремдерді таңдаңыз. Оны күніне кемінде 2 мәрте жағып отырыңыз, осылайша ол терінің тонусы мен созылмалдылығын сақтай отырып, терідегі табиғи ылғалдылықты сақтауға көмектеседі.
  3. Суды көбірек ішіңіз. Егер дене сусызданған болса, онда тері сау және әдемі қалпынан айырылады. Орташа алғанда, ішетін тамақтың құрамындағы сұйықтықтан басқа, күніне 1.5-2 литр су ішу ұсынылады. Суды жиі ішіп отыру - терінің гидро-липидті тепе-теңдігін сақтауға көмектеседі.
  4. Сергіту. Жуғаннан кейін теріні сергіту өте маңызды. Жазда лосьон емес, тонерді қолдану ұсынылады.
  5. Негізгі күтім. Жазда бет терісіне арналған скрабтар мен күшті химиялық пилингтерді жасауға болмайды. Сондай-ақ, сәндік косметиканы қолдануды азайту керек. Ылғалдандыратын спрей, мист, маска, ерін бальзамдары және антиоксидантты концентрацияланған сарысуларды қолдану керек.
Егер де теріңіздің денсаулығына қатысты сұрақтарыңыз немесе Сізге тері күтімі бойынша түрлі емшаралар қажет болса, онда Президенттік клиниканың Қалпына келтіру емі және оңалту орталығының Косметология бөлімшесіне жүгіне аласыз.

Өз денсаулығыңызды бізбен күтіңіз!

Аурухана серіктестері