Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Бір жыл бұрын дәл осы күні

  13.07.2021
2020 жылы 13 шілдеде Қазақстанда коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандарды Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Пандемия басталғалы шамамен 187 миллион адам COVID-19 жұқтырып, осы індеттің салдарынан 4 миллионнан астам адам қайтыс болды.

Бұл індет Ауруханамызды да айналып өтпеді. 2020 жылдың 12 шілде күні Президенттік клиниканың ұжымы небәрі 54 жастағы әріптесі, досы және керемет дәрігері Павел Иванович Шолохтан айырылды.

Біз былтырғы жылды қайғыра еске аламыз және коронавирус инфекциясының салдарынан көз жұмған адамдардың отбасыларына, достары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз.

Өз денсаулығыңызды күтіңіз, сондай-ақ төменде келтірілген сақтық шараларын ұстаныңыз:
  • әлеуметтік қашықтықты сақтау
  • бетперде тағу
  • қолды жиі жуу және антисептикті пайдалану
  • өзін өзі оқшаулау
  • адамдар көп жиналатын орындарға бармау
Сондай-ақ, COVID-19-ға қарсы екпе алуды ұсынамыз!

Денсаулығыңызды күтіңіз!

Аурухана серіктестері