Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Екпе алғаннан кейін де маска тағып, әлеуметтік қашықтықты сақтау керек пе?

  16.06.2021
Көптеген адамдар вакцина алғаннан кейін бірден масканы шешіп, қашықтықты сақтамауға да болады деп ойлайды. Алайда, бұл дұрыс емес.

Вакцинация COVID-19-ға иммунитетті қалыптастырады, бірақ бұл бірден бола қоймайды, тек вакцинацияның толық курсын алғаннан кейін 2-3 апта өткенде ғана пайда болады.

Тіпті иммунитет пайда болғанның өзінде, науқас адаммен байланыста болған жағдайда адамның ауырып қалмасына ешқандай кепілдік жоқ. Оған қоса, адам өзі ешқандай белгілерсіз ауырып, айналасындағыларға вирус жұқтыруы мүмкін.

Сондықтан вакцинациядан кейін де иммунитетті сақтауға тырысу қажет. Тек ұжымдық иммунитетті қалыптастырған жағдай да ғана, масқа мен қашықтықты ұмытуға болады.

Өз денсаулығыңызды бізбен бірге сақтаңыз!

Когда мне нужно-19.jpg


Аурухана серіктестері