Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Дербестендірілген геномдық диагностика зертханасы сау баланы дүниеге әкелуіңізге қалай көмектеседі?

  15.06.2021
Эмбриондарды имплантациялаудың алдында 24 хромосоманы хромосомалық патологияларға тексеруге арналған молекулалық-генетикалық скринингтің көмегі арқылы жүзеге асырады.

Аталған скрининг экстракорпоралдық ұрықтандыру, немесе ЭКҰ кезінде жүргізілуі мүмкін және имплантация жасаудың алдында эмбриондарда хромосомалық ауытқулардың жоқтығына көз жеткізуге мүмкіндік береді.

Басқаша айтқанда, бұл скрининг арқылы Даун синдромы, Патау синдромы немесе Эдвардс синдромы сияқты ауытқуы бар баланың туылу қаупін барынша азайтуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, мұндай тексеруден өту алғашқы әрекет кезінде-ақ ЭКҰ арқылы жүкті болу мүмкіндігін арттырады, бұл әйелдің денсаулығына оң әсер етеді, өйткені қабылданатын гормондардың мөлшері азаяды.

Қосымша ақпарат алу үшін Президенттік клиниканың Дербестендірілген геномдық диагностика зертханасына 8 (7172) 70-81-34 нөмірі бойынша хабарласуға болады.

Өз денсаулығыңызды бізбен бірге сақтаңыз!

24.png


Аурухана серіктестері