Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Білікті дәрігерлер Ақтөбеде консультация береді

  17.01.2023
Білікті дәрігерлер Ақтөбеде консультация береді

Денсаулығыңыз сыр беріп, тәжірибесі мол дәрігерден консультация алғыңыз келе ме?

Ақтөбеліктер үшін таптырмас мүмкіндік!

Қаңтардың 17-18 күндері ҚР Президентінің Іс Басқармасының Медициналық орталығының дәрігерлері Ақтөбе қаласында аймақ тұрғындарына консультация беріп, жоспарлы операциялар жасайды. Сондай-ақ медициналық көмектің инновациялық тәсілдерімен таныстырып, жергілікті дәрігерлерге шеберлік сыныптарын өткізеді.

Ақтөбе қаласына ҚР Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығы ауруханасының директоры Р. Албаев, директордың амбулаториялық көмек жөніндегі орынбасары Ә. Төлеуова, директордың стратегиялық даму, ғылым және білім жөніндегі орынбасары Н. Шаназаров, директордың хирургия жөніндегі орынбасары М. Бердіқожаев, хирургиялық бөлімшенің меңгерушісі А. Тойбаев, №2 терапиялық бөлімшенің меңгерушісі Г. Князова,  аллергология орталғының басшысы Г. Түсіпбекова, аритмолог дәрігер Р. Камиев, дербестендірілген геномдық диагностика зертханасының меңгерушісі Г. Әбілдинова қатысады.

Сапардың басты артықшылығы – стационар дәрігердің ғана емес, диагоностикалық бөлім мамандарының қызметін кешенді ұйымдастыруында.

Сапар барысында тәжірибелі дәрігерлер отандық медициналық көмектің соңғы жетістіктерін көрсетіп, денсаулық сақтау саласындағы ғылыми зерттеулердің нәтижесімен таныстырады.

ҚР Президентінің тапсырмасымен «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы әзірленіп, медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын жақсарту мәселелері талқыланып жатыр. Бір сөзбен айтқанда, ауырмайтын жол іздеп, аурудың алдын алған абзал. Кешенді медициналық тексеруден өтуге асығыңыз.





Аурухана серіктестері