Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Танымал нейрохирург Мыңжылқы Бердіқожаев «Қазақ радиосының» тікелей эфиріне қатысты

  13.01.2023
Танымал нейрохирург Мыңжылқы Бердіқожаев «Қазақ радиосының» тікелей эфиріне қатысты

Бүгін ҚР Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығы ауруханасының нейрохиругі Мыңжылқы Бердіқожаев Қазақ радиосының «Әлеумет тынысы» бағдарламасының тікелей эфиріне қатысты.

Эфирде 25 жылдық тарихы бар орталықтың соңғы жылдардағы медициналық технологияларды дамыту ісіндегі жетістіктері мен мүмкіндіктері баяндалды. Сондай-ақ, аурухананың адамның жаны мен тәнін емдеудегі жаңашылдығы, диагностикалық зерттеулер спектірін кеңейтуге бағыттталған жобалары, онкологиямен күрестің және оның алдын-алудың негізгі артықшылықтары тілге тиек етілді.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ядролық медицина орталығының ашылуы барысында аурухана қызметі ел тұрғындарының денсаулығын жақсартуға және әрбір азамат үшін заманауи медициналық технологиялардың қолжетімділігін арттыруға қызмет ететінене сенім білдірген болатын. Осы орайда орталық аурухана медициналық қызмет көрсетуді жетілдіріп, жұртшылық денсаулығын жоғары деңгейге көтеруде үздіксіз еңбек етіп келеді.

Мыңжылқы Бердіқожаев: «Медициналық орталық ауруханасында тек қалталы, шенділер ғана емделеді деген түсінік қалыптасқан. Бұл - қате пікір. Демек Қазақстанның барлық сақтандырылған азаматтарына әлеуметтік мәртебесіне, тұрғылықты жеріне, табысына қарамастан, тең дәрежедегі медициналық көмекті көрсетіп келеміз. Ал ауруханадағы заманауи технологияларға келетін болсақ, соңғы кезде хирургия, гинекология, урологияда роботты қолдану арқылы операциялар жасау қолға алынған. Алдағы уақытта робот-технологиялар санын арттыру жоспарымызда бар» - деді.

Тікелей эфирдің толық нұсқасын мына сілтеме арқылы көре аласыздар.




Аурухана серіктестері